18.8 C
Нарынкол
Среда, 6 сентября, 2023
No menu items!

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Маңызды

Қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің барлық білім ошақтары 1 қыркүйек күні өздерінің жас буын шәкірттеріне есіктерін айқара ашты. Алтын күздің алғашқы таңы атысымен алтын ұя мектебіне сағынышпен асыққан мектеп формасын киген оқушылар мектептердің сәнін келтірді.

Осындай салтанатты шара Нарынқол ауылындағы О. Жандосов атындағы орта мектепте де өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы қатысып, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді. Мектеп директоры Нұрбақыт Дәулеткелдіұлы былтырғы оқу жылындағы оқушылар мен ұстаздардың жетістіктеріне тоқталып, жаңа оқу жылына жақсылықтар тіледі.

Мектеп табалдырығын жаңа аттағалы отырған бүлдіршіндер ортаға шақырылып, салтанатты шараның көрігін қыздырды. Жиын барысында жоғары сынып оқушылар мен биыл ғана бірінші сыныпқа келген жас буын шәкірттер жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты. Мектептеріне сағынышпен оралған оқушылар мен ұстаздар қуанышқа ортақтаса келген ата-аналармен бірге Білім күнін қарсы алды.

«ХАНТӘҢІРІ»

Соңғы жаңалықтар

ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

         Жуырда Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында ұлттық тәрбие мен заманауи озық білімді қатар оқытатын «Даму» инновациялық оқыту мен...

Осыған ұқсас мақалалар