20.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

       Тіл – ұлттық құндылығымыздың бірегейі, әрі ұлттың тұғыры . Тіл – мемлекеттік ұлттық құндылығымыз. Құндылықтарымызды қастерлей отырып тереңдету, оған сүйіспеншілікті қалыптастыру – отаншылдық пен қазақстандық патриотизмді оятады.

        Тіл – ұлттың тұғыры, мемлекетіміздің негізі. Тілі жоғалса мемлекет те жоғаларын ұмыт­пайық.Біздің қасіретіміз– қазақтардың отба­сылық тәрбиеден, ана тілімізден айырылып қалуы.Бұрын кеңестік жүйеге жаптық, енді кімнен көреміз? Ұлттық рухымыз солғын, жалтақтығымыз басым. Соның салдарынан тіліміз төрге оза алмай, әлі де орыс тілінің шылауында келеді. Еліміздегі 130-дан астам диаспоралардың қайсысы отбасында өз тілінде сөйлемейді? Ешқайсысы да, бәрі де отбасында өз тілінде түсініседі.Тек қазақтар ғана шүлдірлесіп жатқаны. Бұл ана тіліне, ұлтына деген құрметтің жоқтығы. Бұдан арылмайынша, ел болам деу бекершілік. Ана сүтімен берілетін ұлттық тілімізді қастерлеу ата-баба аманаты екенін жадымыздан шығармауымыз керек.
    Осыған байланысты  біз  тілді насихаттауға, ҚР «Тіл туралы» Заңының жүзеге асырылуына және мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілінің қоғам өмірінің бар саласына дендеп еніп, толыққанды қызмет етуіне ықпал етіп келеміз.Түрлі бастаулар мен тілге қатысты шаралардың ұйымдастырылуына да белсене араласудамыз.Сонымен қатар назарымызды тіл жөніндегі мәселелерге дер кезінде аударып, тиісті органдарға оны шешуді ұсынып отырамыз.
  Тағы бір ескеретін жайт, мемлекеттік басқару жүйесі қазақшаланбай, елімізде мемлекеттік тіл дамымайды, қоғамдық қатынастарда үстемдік құрмайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтар тіліміздің өз төрімізде мәңгілік салтанат құруы үшін жұмыстануы қажет-ақ.

     Сөз жоқ, бала ғана емес, жалпы азамат үшін орны бөлек қасиетті орын – отбасы.Жас сәби дүниесіне ең бірінші әсер ететін де отбасылық тәрбие. Әрине, балабақша мен мектептің де берер тәрбиесін, ықпалын жоққа шығаруға болмайды.
Қанша тіл біліп, қанша жұрттың ілімін үйренсек те, артық емес, бірақ, ең бастысы – жастардың бойында отаншылдық сезімнің, ұлттық рухтың әрдайым ояу болуы.
    «Тіл – ұлттың жаны» деген аксиомаға айналған сөз бар. Ендеше, әрбір адам тілді кеудесіндегі шыбын жанындай санаса, оның мәңгілік өмір сүруі үшін қолдан келгенінің бәрін де жасауы тиіс. Мәңгілік ел атану үшін де қазақ тілінің рухы асқақ та биік болғаны жөн. Мәңгілік елдің тілі – қазақ тілі – ана тіліміз болуы шарт.
  
   Бүгінгі күні тіл мәселесі тек рухани құбылыс емес, геосаяси маңызы бар факторға айналды.Бұл тұрғыда, біздің мемлекетіміз бұл мәселеге салмақпен қарап, байыпты саясат жүргізіп отырғанын атап өту қажет-ақ.
Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде дамуы оны мекендеген ұлттардың мәдениетінің тілдерінің қайта жаңғыруымен қатар жүруінің символикалық мәні зор. Бұл жай ғана үндестік емес, республикадағы тілдік ортаның бай әлеуетін сақтауды мақсат етіп қойған мемлекеттік саясаттың жемісі.
Елімізде тіл саясатына қаншалықты көңіл бөлініп отырғаны баршаға мәлім.  Өйткені тіл дегеніміз – баршаны қамтитын, күрделі де терең ұғым. Ол жай ғана байланыс құралы ғана емес. Бұл – ұлттық сананың, болмыстың негізі, халықтың рухани қуатының темірқазығы, патриоттық тәрбиенің аса маңызды құралы. Ұлттық рухын жоғалтқан ел – өзін жоғалтқан ел. Экономикалық және қаржылық әлеует, табиғи байлықтар, технологиялар, жарақтанған армия – бұның барлығы да ресурс қана. Ал шын мәнінде халықтың игілігіне жарату үшін оларды жасап, іске асыратын адамдар өзінің елімен, жерімен рухани байланыста болуы шарт. Міне, осындай сезімді қалыптастыратын да – тіл.
Мемлекеттік тілді сақтап, дамыту, сындарлы тіл саясатын жүргізу, сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздіктің, мемлекеттің тұрақтылығының бір кепілі болып табылады.
  Әрине, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі ерекше. Ол қоғамды біріктіруші фактор, тәуелсіздігіміздің бір тірегі. Оны білу – әрбір қазақстандыққа парыз.

   Тілге құрмет – қазаққа, елге құрмет екенін естен шығармайық. Ана тіліміздің асылын ардақтап, қадірлей білсек ата-бабалар рухына адалдығымыз емес пе?! Тіл – ұлттың тірегі, рухы мен намысы. Оның әлемдегі тілдер арасынан ойып тұрып орын алуы – баршамыздың арманымыз. Ең бастысы, қазіргі жаһандану кезінде ана тіліміздің жойылып, жұтылып кетпеуі үшін күресуіміз керек. Сөз соңында айтарым, ұлттың ұлылығы ұлттық құндылықтарымызда десек, оның ең қастерлісі – тіл екенін әркім жеке сезінсе екен деймін.          

БАЙСЫНОВА Дария Сейдімханқызы,

Райымбек аудандық «Тіл» оқыту

орталығының оқытушысы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар