30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

АЗАМАТТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Еңбек нарығының тиімділігін арттыру, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, табысы аз адамдарды нәтижелі жұмыспен қамту міндеттері бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы талаптарды жүзеге асыру мақсатында Райымбек ауданында аудан көлемінде жұмыс іздеушілерге лайықты жұмыс табуға көмектесетін нақты шаралардың бірі «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудан прокуроры, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық төрағалары, жеке кәсіпкерлер және жұмыс іздеушілермен жас мамандар қатысты. Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілерге жұмыс күшін табуға, жұмыссыздарға лайықты жұмыс ұсынуға көмектесу.

Аталған жәрмеңкені Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы ашып сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Райымбек ауданы бойынша мансап орталығының» директоры Талғат Жұмақанұлы баяндама жасап, «Жұмыс берушілер өздерінің кадрлық құрамын білікті жастармен толықтыратынына сенемін» деді өз сөзінде. «Олжас» шаруа қожалығының уәкілі Тегістік ауылының тұрғыны Қанапияева Назира Тілеулесқызы өз кезегінде айналысып жатқан жұмысы жайлы және қазіргі таңда мансап орталығы арқылы өз жұмыскерлерін тұрақты жұмыспен қамтып, мемлекеттен бөлінетін субсидияларды алып отырғандығын айтып, мансап орталығына алғысын білдірді.

Жәрмеңкеде жұмыссыз азаматтарға 32 мекемеден 97 бос жұмыс орындары ұсынылды. Шараға 100-ге жуық аудан тұрғындары қатысып, жұмыс беруішлердегі бос жұмыс орындары туралы сөз қозғады. Жәрмеңке барысында 49 азаматқа бос жұмыс орындарына орналасуға жолдамалар берілді. Сонымен қатар, жастар практикасына-7 азамат, күміс жас жобасына 1 азамат, әлеуметтік жұмыс орнына-2 азамат жіберілді.

«ХАНТӘҢІРІ»

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар