12.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Жерлесіміз 1952 жылы Нарынқол ауылында дүниеге келген, Хантәңірі етегінің төл перзенті Тәкебаев Қанат Тұрсынұлы «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды. Қанат ағамыздың жастайынан тіпті мектеп қабырғасында жүріп-ақ қасиетті қара сөзге жақын болғанын замандастары жақсы біледі. 8 сыныпта оқып жүріп Нарынқол аудандық радиохабар тарату редакциясында диктор болып еңбек еткендігі жоғарыда айтылған сөзіміздің айқын дәлелі.

Қанат Тұрсынұлы жарты ғасырдан астам уақыт журналистика саласында талмай еңбек етіп келеді. Баспасөздегі алғашқы жұмысын бұрынғы «Советтік шекара» қазіргі Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінде бастаған. Уақыт талабына сай Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінде, Қазақ радиосында, республикалық «Қазақстан-ZAMAN» газетінде, «Қала мен дала» газетінде, «Парасат» журналында, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде баспасөз қызметінің жетекшісі болып табысты еңбек етті. 2015 жылы ұзақ жылғы елеулі еңбегінің жемісімен зейнеткерлік демалысқы шықты. Қанат ағамыздың жазған сан түрлі тақырыптағы мақалалары республикалық баспасөз беттерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Өзінің ойы ұшқыр, қаламы қарамды журналист екенін республикаға дәлелдей білді. Қ. Тәкебаев құрметті еңбек демалысында жүрген кезде де журналистикадан қол үзген жоқ. «Қазақ егіншілік және өсімдіктер шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында» баспасөз хатшысы болып еңбек етті. Қазіргі таңда өзі тұратын Қаскелең қаласында Қаскелең қалалық әкімшілігінің ардагерлер алқасының төрағасы. Бүгінгі күн де журналистика саласының жілігін шағып майын ішкен, баспасөздің бүге-шүгесінің бәрін еркін меңгерген Қанат ағамыз «Хантәңірі» газетінен қанат қаққанын мақтанышпен айтамыз.

Қ. Тұрсынұлы «Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі», «Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты», «Қазақ Журналистикасының Қайраткері», «Қазақстан Республикасы Мәдеитет саласының үздігі», «Райымбек ауданының құрметті азаматы», «Мінсіз қызметі үшін» атағының иегері болды. Жуырда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесінде «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды.

Бір айтары, Қанат ағамыз осындай белестерден өтіп, биіктерді бағындырса да баспасөздегі еңбек жолын бастаған қара шаңырағы «Хантәңірі» газетін әлі де рухани серігі санайды. Газеттің мазмұны мен қал-жағдайын назарда ұстап артық-кем тұстарын айтып, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған Қанат ағамызға «Хантәңірі» газетінің ұжымы атынан зор денсаулық, отбасына береке, ұзақ өмір тілейміз!

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар