30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

АУДАНДЫҚ АРХИВ АШЫЛДЫ

Райымбек аунанының орталығы Нарынқол ауылында «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Райымбек аудандық филиалы ашылды. Аудан халқы көптен күткен қуанышқа кенелді. Аудандық архивтің ашылу салтанатын аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы бастап, Алматы облысының мемлекеттік архиві бас директорының орынбасары Қырықбай Айгерім Нұрахманқызы және Райымбек ауданының құрметті азаматы Абиров Медетхан Батталғазыұлы құттықтау сөз сөйледі. Шараның жоғарыда аталған құрметті қонақтары мекеменің лентасын қиып, әжелер шашу шашты.

Аталған құрылыстың жалпы жоба құны 215,5 млн. теңгені құрады. Аудандық архив ғимаратының құрылыс жұмыстарын «Энерго Строй Проект» ЖШС-і жүргізген болатын.

Архив– тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын арнаулы мекеме. Халықтың тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын архивтер, мемлекеттілік нысандарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Райымбек аудандық филиалында директор Жұмақан Гүлзада Жанболатқызы бастаған барлығы 9 қызметкер жұмыс жасайды. Заман талабына сай салынған ғимараттың іші де заманауи техникалармен қамтамасыз етілген. Соның ішінде ескі құжаттарды шаңнан тазарту үшін қолданатын арнайы апарат бар. Бұл апарат қағазды шаңнан ғана тазартып қоймай, жиі кездесетін бактериялардан да арылтады, дезинфекция жасау жұмыстарын атқарады сондай-ақ хош иістендіреді. Сонымен қатар, Microbox book2net Kiosk планеталық сканері қойылған. Бұл сканер кітаптар мен құжаттарды жылдам және сапалы цифрландыру үшін арнайы жасалған.

«Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Райымбек аудандық филиалында барлығы 121 қор және 20 955 сақтау бірлігі бар. Сақтау қоймасында 1930 жылғы Атқару комитеттерінің құжаттары Райымбек аудандық әкімдігінің 1997 жылдың мамыр айына дейінгі шешімдері, селолық окруктердің құжаттары сақталған. Каленин, Киров, Энгельс, Крупская, Ленин, Партсъезд, К.Маркс, Абай колхоздар Қызылшекара, Тегістік, Коксай-қой совхозы, Октябр, К.Маркс, Абай-картоп совхозы больница, туббольница, мәдениет үйі, 3 мектеп, музыка мектебі, спорт мектебі, автостанция, магазин, кірпіш заводы сияқты үлкен-кіші мекемелердің құжаттары да сақтауда.

Ғимаратта құжаттарды есепке алу бөлмесі, архивтік құжаттарды мемлекттік есепке алу бөлмесі, құжаттарды қабылдау бөлмесі, жұмыс бөлмесі, мәжіліс залы бар. Бір сөзбен айтқанда мамандардың жұмыс істеуіне бар жағдай жасалған. Алдағы уақытта аудан тарихының қордаланатын орны халық игілігіне қалтқысыз қызмет етеді деген ойдамыз.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар