20.3 C
Нарынкол
Пятница, 1 сентября, 2023
No menu items!

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Маңызды

Еліміздің саяси сахнасында ірі саяси күшке айналған «AMANAT» партиясы әрбір жаңа оқу жылы қарсаңында өзінің «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық» атты жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, жүзеге асырып отырады. Бұл жердегі басты мақсат көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларын жаңа оқу жылына даярлауға қолдау көрсетіп, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау. Акция еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, қолдауды қажет ететін 30 мыңнан астам оқушыларды қамтуға бағытталған.

«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалы осы шара аясында партия мүшелерінің және аудан әкімдігінің, аудандық мәслихат, мәслихат депутаттарының қолдауымен 700 мың теңгеге оқушыға қажетті оқу құралдарымен жабдықталған 70 оқушы сөмкесін сыйға тартты. «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гулнара Рауанқызы мен Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрбол Алиев оқушы сөмкелерін табыс етті.

Айгүл ТАҒАЕВА

Соңғы жаңалықтар

АУДАНДЫҚ АРХИВ АШЫЛДЫ

Райымбек аунанының орталығы Нарынқол ауылында «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Райымбек аудандық филиалы ашылды. Аудан халқы көптен күткен қуанышқа...

Осыған ұқсас мақалалар