3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АТА ЗАҢЫМЫЗ АРДАҚТАЛДЫ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтті. Еліміздің басты құжаты болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына құрмет көрсетілді.

Шараның басын Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы мерекелік құттықтау сөзімен бастады. Барша аудан халқын орны бөлек мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады. Сонымен қатар, мемлекетіміздің даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар аудан қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.

Келесі сөз кезегін Райымбек аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Әбділдаев Қуаныш Жақсылықұлы алып, жиынға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады.

Жиын барысында мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген жас мемлекеттік қызметкерлердің салтанатты ант беру рәсімі болды. Шараның соңы аудандық көркемөнерпаздардың мерекеге орай арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Перизат ІЗТЕЛЕУ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар