2023 жылдың 19 шілдесінде Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды.

Осыған байланысты, Нарынқол ауылының тұрғындарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге жұмылдырылған құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады, көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.
Сондай-ақ, Нарынқол ауылы тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын жеткіземіз.
Райымбек аудандық жедел штабы