-10.4 C
Нарынкол
Понедельник, 26 февраля, 2024
No menu items!
Маңызды

ЖЕР – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

   Кез келген уақытта жеке шаруашылық жүргізу үшін немесе үй салу үшін жер қажет екені белгілі. Яғни жер – халықтың бірден бір қажеттілігі. Осы орайда елімізде пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары қарқынды жүруде. Жайылымның жетіспеуі ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тап­сырма берген болатын. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдерін айқындау бағытындағы жұмыстарды жыл соңына дейін әзірлеу керектігін атады.

     Айтуынша, аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экнонмиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Рас, ауылдағы ағайынға жайылымдық жерлер жет­пейді. Бүгінгі таңда мал жаятын өрістің көбі жеке шаруа­шылықтардың қолына өтіп кеткен. Жайылымның жетіспеуі ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе. Сондықтан жайылымдық жерлерді кәдеге асырамай отырған шаруалар жерді қайтаруды қолға алу қажет немесе игеру керек-ақ. Сол кезде ол жерді басқалар игілікке жаратуы мүмкін. Жер бос жатқаннан халық өз игілігіне пайдаланғаны жақсы емес-пе. Қалай десек те, бос жатқан жайылымдық жерлер мемлекетке қайтаруылуы тиіс. Өйткені ауыл шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы – жайылымды игеру. Ел Президенті де  сол үшін осы мәселеге маңыз беріп отыр.

Мұрат ЖАНҰЗАҚ,

аудандық кәсіпкерлік және

ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы.

Соңғы жаңалықтар

ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

         Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ауданымызға іссапармен келді. Облыс басшысы Тегістік ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп ауылдың тыныс-тіршілігімен...

Осыған ұқсас мақалалар