-10.4 C
Нарынкол
Понедельник, 26 февраля, 2024
No menu items!
Маңызды

«МЕКТЕП АШЫП, БАЛА ОҚЫТТЫМ БАР КҮНӘМ»

        Жуырда Нарынқол ауылдық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде мектептің 100 жылдығы аясында аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлының қолдауымен Мәлікаждар Құлмұханбетов атамыздың «Мектеп ашып,бала оқыттым бар күнәм» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Аудандық деңгейде өткен шараға аудан әкімшілігінен бөлек, ауыл әкімдері, мектеп директорлары, Құлмұханбетов Мәлікаждар атаның туыс-жақындары қатысты. Шараны Алматы облыстық музейлер бірлестігінің қызметкері Айбек Ережеп жүргізді. Алдымен атамыздың өмірдерегіне негізделген бейнеролик көрсетілді. «Ұстаздың оралуы» атты Шәлкөде орта мектебінің оқушыларының даярлаған сахналық қойылымын көпшілік риза көңілмен тамашалады. Аталған қойылымның сценариін жазған қазақ тілі мен әде- биеті пәнінің мұғалімі, зейнеткер ұстаз Әмина Әлімжанова, сахнаға даярлап қойған мектептегі бастауыш сыныбының мұғалімі Торғаева Гүлжан. Тұсаукесер барысындағы алғысөзді алған аудандық білім бөлімінің бастығы Ерсайынұлы Саят Үмбетәлиев алда істелетін жұмыстарға тоқталып өтті. Істеліп жатқан жұмыстарға табыс тіледі. «Ұстаз өмірі мен шығармашылығын зерттеп, зерделеу нәтижесі» тақырыбындағы баяндаманы тарих пәнінің мұғалімі Хамит Тарақ жасады. Ұстаз өмірінен құнды деректерді атамыздың туысы, дәрігер Жидебаев Жанарбек сабақтаса, ұстазбен замандас, Шәлкөде аймағынан шыққан айтыс ақыны, әрі мұғалім Шарғын Алғазыұлының баласы, Н.К.Крупская атындағы бүкілодақтық медалдың иегері, математика пәнінің мұғалімі Алғазиев Тілеухан әкесі Шарғын Алғазыұлын есте қалдыру жөніндегі істерге тоқтала келіп, атамыздың атын мектепке беру мәселесіне аудан әкімшілігінің көмек жасаса деген ұсынысын айтып өтті. Мәлікаждар атамен бірге сотталып, жер аударылған Бастау Сүгірұлының баласы, жүз жылдыққа құрылған ақсақалдар алқасының төрағасы, физик-мұғалім Сүгіров Сырым, атаның ұрпағы, архитектор Құлмұханбетов Нұрғалым жүз жылдыққа байланысты істеліп жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Талас ауылының тұрғыны, байырғы ұстаз, ақын Әкімбаев Нұрлан ағамыз өз сөзін «Ұстазға тағзым» деген әдемі өлең шумақтарымен өрнектеді. Шәлкөде ауылдық округінің әкімі Құман Қуанышұлы істеліп жатқан жұмыстарға қысқаша шолу жасады. Ауылымыздағы қадірлі қариямыз Әлімұханбет Ахметұлы ақ тілегін жолдай отырып, Сауат әкеміздің атын азан шақырып қойған Мәлікаждар ата екенін тілге тиек етті. Шарада белсенділік көрсеткен мектеп оқушылары мен ұстаздарды әулет атынан, немересі Құлмұханбетов Заңғар, мемлекеттің мұражайдың қызметкері, Кенжебекова Әлия, жиені, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Мәлікаждаров Ермек, немересі және келіні Ыдырысбекова Ғалия болып мадақтамамен және ақшалай сыйлықпен марапаттады. Өтілген шараны, ұстаздың немересі, аталған шараны ұйымдастырушы, кітапты шығаруға басшылық жасаған, химия пәнінің мұғалімі Нұрлан Құлмұханбетов қорытты. Жүз жылдық аясында өтілген жақсы дүние осылайша өзінің мәресіне жетті. Шараға белсене атсалысқан ауылдағы мектеп ұжымы мен оқушыларға тек қана алғыс айтамыз.

ТАРАҚОВ Хамит Сауатұлы,

Алматы қаласы.

Алдыңғы мақала
Келесі мақала
Соңғы жаңалықтар

ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

         Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ауданымызға іссапармен келді. Облыс басшысы Тегістік ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп ауылдың тыныс-тіршілігімен...

Осыған ұқсас мақалалар