12.5 C
Нарынкол
Четверг, 25 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ЕРКІН АҒА ЖАЙЛЫ, ЕСТЕ ҚАЛҒАН  ЕСТЕЛІК ЕДІ

    Халық қадірлісі ақын аға жайлы айтылып жүрген, жазылып жатқан естеліктер қаншама, әліде жазылатын бар екені де анық. Еліміздің дауылпаз  ақыны Мұқағали Мақатаевты Нарынқол, Шалкөде, Қарасазды исі қазаққа, поэззия сүйер  қауымға танытқандардың ішінде Райымбек  ауданында  білім саласында еңбек атқарған азаматтардың еңбегі ұшан-теңіз деп, бұрынғы жазған мақаламда айтқан едім. Иә, олардың ішінде ақын, жазушы, журналист, суретші, сазгер, әнші, актер, мұғалім, студент, оқушы, ауылдас, жерлес замандас барлығыда өз саласында ақынымыздың поэзиясын сүйіп оқып, құрметтеп танытқан еді. Олардыңда аттарын тағы бір атап өткен дұрыс қой деймін үзеңгілес досы, бауыры Еркін Ібітанов, нағашысы Құтпанбаев Әбіжан, ақын зертеуші Айтақын Әбдіқал, жерлес бауырлары Нұрбатыр Орынбаев, Жұмаш Өтеев, Тоққожа Естенов, Тәңірберген Қасымеркебаев, Саламатова Дариға, Әділжан Нөкеев, Батық Мәжитұлы, Тұман Ібітанов Сәлім Жусанбаев т.с.с. Райымбек ауданының білім саласының мамандары, ұстаздар қауымын ерекше айтуға болады. 1990 жылдардан басталған, жыл сайын өткізілетін Мұқағали оқулары, ән-жыр, сурет, степендиат байқаулары өткізу жайлы алғашқы ұсыныс, бағыт берген, басында болған Еркін Ібітанов аға еді. Сол идеяны жоғарыдағы және жыр сүйер қауым іліп алып, жалғастырып кетіп еді. Сол жылдарда аудандық білім бөлімінде тәрбие бөлімін басқарған Бағира Үмбетжанова игілікті істердің ұйтқысы болып, аудан мектептеріндегі тәрбие орынбасарларымен Мұқағали оқулары, «Таным» бағдарламасының жүргізілуі жолға қойылған еді. Осы салада өзімде еңбек етіп жүргендіктен, Еркін ағамен осы жұмыс барысында бірнеше рет кездескен едік, солар жайлы  айтсам деп едім.

Ақын аға талай жастың тұсауын кесіп, болашағына бағыт бағдар берген еді. Мұқағали степендиаты байқауларында мұғалімдердің пед, оқуларында әділ қазылар ортасында болып, шын таланттарды  анықтайтындар Еркін, Жұмаш, Әбіжан, Тәңірберген ағалар еді. Олардың алдына барғанда мұғалімде, оқушыда мемлекеттік емтихан тапсырғандай боласың. Сол жарыстарға қатысу арқылы көп еңбектеніп, білім ой-өрісіміз кеңейіп, поэзияға ынта жігеріміз арта түсті. 1998 жылы аудандық Мұқағали степендиаты байқауына Қайнар орта мектебінен Ермұхатова Жаңыл атты оқушыны ұстаз жетекшісі Базарбекова Гулшат екеуміз апарған едік. Ол кезде пән мұғалімімен бірге тәрбие орынбасары бірге дайындап, бірге апаратын. Бұл байқауда әділқазылар алқасының төрағасы Еркін аға екен. Ондай кезде   ол кісі тіпті қатайып кететін, тіпті сәлемде алмайды, басқа мектептен келгендерде қорқып жүр. Қызымыз өте талантты мықты оқушы еді, сонда да жүрексінесің ғой. Әр мектеп кезекпен тақырыптарын қорғап, жетістік, кемшіліктерін біліп тиісті бағаларын алып жатыр. Біздің қыз үшінші турға өткен еді, өнер сайысы еді «Құмған алған» әніне қойылған би орындалу керек еді, аяқ астынан магнитофон істемей қалды. Енді не істейміз? Тығырықтан шығу керек болды, бала қобалжып қалды. Гулшат әнді жақсы айтушы еді, екеуміз  қос дауыста әнді бастап кетіп едік, бала дөңгеленіп билей жөнелді. Бір қарасақ Еркін ағада әнге қосылып кеткен екен. Байқау қорытындысында жеңімпаз болдық, орынға таласқандарға бірден әділ шешімін айтқан еді. Балада мықты, ұстаздарыда мықты өнерлі екен, балаларын қалай тығырықтан шығарды байқадыңдарма деді Еркін аға.

2000 жылдары мұғалімдер арасында өткен педагогикалық оқуға, аудан мұғалімдерімен бірге менде қатысқан едім «Өлең — әлем төсінде, жарқырайды бір жұлдыз» деген тақырыпты қорғап, бақ көтеріліп, облысқа баратын үш орынның біреуін мен  иеленген едім, орын алғандар бірінші орын Тұман Ібітанов, екінші орын мен, үшінші орын Кегеннен Қамбарбекова Зина деген мұғалім қыз. Облыстық білім жетілдіру институтының үлкен залында  қорғайды екенбіз. Қарасам ішінде журналистер, филологтар, теле жүргізушілер басталмай тұрып ағып тұр, менің қобалжып тұрғанымды білген, Тұман жаныма келіп, сіз жеңге неге қорқасыз біз, Мұқағалидың жерінен, еліненбіз ғой деп, демеп жіберген еді. Облыстан мықты сайыпқыран қатысушылар ішіне менде  қорғауға кірдім, қолымда үлкен плакатым, жазған жұмысым бар еді, қорғай бер деген дауыс естілген жаққа  қарасам, кірпік қақпай дәл ортасында Еркін аға отыр екен қорқып кеттім, бірақ іштей өзімді сабырға шақырып, дұрыс қорғамасам мына кісі мені иттей қылады деп, бар өнерімді салып, әнде айттым, ақын ағаның өлеңін оқыдым әйтеуір бітірдім. Біткен соң плакатымды көріп отырғандар екі сұрақ қойды. Плакаттағы суреттерді өзің салдың ба? деп. Мен, идея менікі суретін мектептегі сурет пәні мұғалімі Әбдіманапов Ерден салғанын айттым. Екінші сұрақ, қай пәннің мұғалімісің? деді. Мен, математикпін дедім, жауап берген соң Еркін ағаға қарасам төмен қарап отыр екен, жақтырмай отыр деп көңіл күйім түсіп кетті. Шыққанда Тұман қалай болды деп жаныма келіпті, ой тағы Еркін аға отыр, білмеймін сол кісі жақтырмай отырған сияқты, қайдан әділқазы болды екен, деп қоям. Тұман күліп жіберді. Ол кісі қолдағанын солай білдірмей отырады, қолдамаса сұрақтың астына алар еді деді. Мен қайдан білейін, тіпті  фамилиясынада мән бермегенмін ғой. Солай әкелі-балалы Ібітановтармен бірге болған едім. Сол байқауда Тұманда шешен білімді азамат еді ғой, үшеумізде олжалы қайттық, екі екінші орын, бір бірінші орын алдық, громатамызда тапсырып жатып Еркін аға жарайсыңдар, сендер қорғап біткенше дем ала алмай қалдым ғой деді, біз сол сөзді естіп қуанып кеттік. Ұрсады деп қорқып тұр едік, ақын Еркін ағаға ұнаса,бәрі жақсы болғаны деп бір-бірімізбен қол алысып қауқылдасып қалған едік. Өмірде ақын аға қарапайым, шымшып сөйлейтін қалжыңы да бар еді.

Менің Қожманбеттің қызы екенімді қайдан білді екен деп ойлаймын, кездесіп қалсақ, «осы  сен бір уақыт  ұйықтайсың ба, күндіз, түні жұмыс деп шапқылайсыңда жүресің», деп күлетін. Мен алғаш үлкен кісіде осылай сөйлейді екен деп ренжіп қалушы едім, кейіннен білдім ол кісі кез-келген адамға олай айтпайды екен мені балдыз екенімді біліп қалжыңдайды екен. Жоғарыда айтқандай кейде адамдар жаныңда жүргенде қадірін білмейтін кез жетерлік. Соның бірі бірегейі Еркін ағаның ұлы Тұман еді. Райымбек ауданындағы Нарынқол, Кеген өңіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білікті маман, Мұқағали поэзиясын насихаттаушы, зерттеуші, аудандық білім бөлімінің сараптаушысы, Қазақстан «Білім беру үздігі» төс белгісі иегері. Тұман және  әріптестері Сапақова Нұрғаным, Мәнкеева Күміс сынды ұстаздардың алдынан ауданнан шыққан алтын медаль, қызыл аттестат иегерлерінің, дарынды балалар жұмысы, ғылыми жоба жұмыстары, пед оқулар жұмыстары сараланып өтетін еді. Тұман жұмыстарды тексеру  арқылы, шәкірттердің жолын ашып, бағыт беретін, сонымен қатар әріптестерініңде білімін саралап, әдістемелік көмегін аямайтын еді. Тәрбиелеп, жетелеп, үйретіп талай шәкірттерін білімдерін ұштап  қанаттандырған еді. Солардың бірі кезінде, Мұқағали степендиаты  байқауының жеңімпазы болған қазіргі таңда ауданның мәдениет саласында   еңбек етіп жүрген Байжұма Медетті Тұманның қалай жетектеп тәрбиелегені әлі есімде.

Жазылар естеліктер  мен туралы

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер дерде мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, деп- Мұқағали ақын айтқандай, өмірі өлеңмен өрілген Еркін аға, жүрген жері, жыр, қарапайым, мақтануды білмейтін жыр дүлділі еді. Әңгімелесе қалса туған жері, Қарасазды, ақын бауырының өлеңдерін, қызықты шақтарын әңгімелейтін еді.

Осы естеліктерді жазудағы негізгі мақсатым, ақын ағаның тамаша қасиеттері көп қой солардың бір бөлшегі болсада ұрпақтар білсе деген ойым еді. Осындай ағаларды, өмірде сирек кездесетін, жандарды ұмытпай еске ала жүрейік оқырманым.

ИСЕМБАЕВА Саюзхан Жылқыбайқызы,

зейнеткер ұстаз, Райымбек ауданының

Құрметті азаматы,

Қайнар ауылы.

Суреттер: Хантәңірі газетінің мұрағатынан.

Соңғы жаңалықтар

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен», проходившем в рамках республиканской экологической акции...

Осыған ұқсас мақалалар