6.5 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномАлаяқтардан сақ болыңыздар!

Алаяқтардан сақ болыңыздар!

Алаяқтардан сақтық шараларын ұстануға шақырамын!!! Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық – бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі.

Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті, әрі маңызды мәселесіне айналды

Ең жиі кездесіп жүрген интернет  алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк және полиция қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отыр.

Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталсам, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге Any Desk, Team Viewer қосымшаларын орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырамын!!!

Райымбек аудандық полиция бөлімі криминалдық

полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны

МОЛДАСАНОВ Асет Бектұрұлы

Жаңалықтар