Туған өлкенің өркендеуі – оның әрбір елді мекеніндегі тіршілік сапасының жақсаруымен өлшенеді. Райымбек ауданы үшін де ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау маңызды міндеттердің қатарында. Өйткені ауданның дамуы ең алдымен ауылдағы ағайынның тұрмысынан көрініс табуы тиіс.
Жол қатынасының жақсаруы, сапалы ауызсуға қолжетімділік, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жай-күйі – елді мекендердің өркендеуіне ықпал ететін негізгі бағыттар. Бұл салалардағы жүйелі жұмыс ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне оң әсерін тигізеді.

