Конституция – мемлекеттің тұтастығы мен қоғамдық келісімнің құқықтық тірегі. Онда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу қағидаттары және қоғам өмірінің маңызды ережелері көрініс табады. Сондықтан Ата Заңды құрметтеу – әр азаматтың ортақ міндеті.
Жаңа Конституцияға қатысты мәселелерді талқылауда құқықтық сауаттылық пен жауапты көзқарас қажет. Азаматтар ресми деректерге сүйеніп, өзгерістердің мазмұнын түсініп, өз пікірін заңды әрі мәдениетті түрде білдіре білуі керек. Қоғамдық келісім де осындай саналы диалог арқылы нығаяды.

