Жастар – қоғамның белсенді бөлігі. Сондықтан олардың құқықтық сауаттылығы қоғамдық тәртіп пен азаматтық жауапкершіліктің қалыптасуында ерекше орын алады.
Қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастардың ақпарат алу мүмкіндігі кеңейді. Интернет арқылы түрлі мәліметке жылдам қол жеткізуге болады. Бірақ ақпараттың барлығы бірдей шынайы немесе қауіпсіз бола бермейді. Осы ретте құқықтық сауаттылықтың маңызы арта түседі.

