ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Мемлекет алдына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні мемлекеттік қызметтерден бастап экономика, денсаулық сақтау және білім беру салаларына кеңінен енгізу міндеті қойылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматта қолжетімді болған. Жыл басынан бері азаматтар 51,5 миллионнан астам мемлекеттік қызметті онлайн алған. eGov Mobile қосымшасын 11,7 миллион азамат пайдаланған.

