Жол қауіпсіздігі – жүргізушіге ғана емес, жаяу жүргіншіге де ортақ жауапкершілік. Бір ғана ережені бұзу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарынан 51 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2 330 адам қаза тапқан. Сонымен қатар өлім көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға төмендеген.

