Заң мен тәртіп туралы сөз болғанда, көп жағдайда күрделі құқық бұзушылықтар немесе қылмыс мәселесі ойға келеді. Алайда заңға құрмет ең алдымен қарапайым күнделікті әрекеттерден көрінеді.
Қоғамдық орында тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережесін орындау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, табиғатты ластамау, өзгенің ар-намысы мен құқығына құрметпен қарау – мұның барлығы құқықтық мәдениеттің көрінісі.

