VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы лауазымына аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы сайланды.
МҮСІРБАЕВ САМАТ САРТАУБАЙҰЛЫ
1981 жылы 9 тамызда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылында туған, білімі – жоғары.
1998 Сарыжаз орта мектебін бітірген.
1998 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Агрономия» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, аталмыш жоғарғы оқу орнын 2003 жылы «Агрономия» мамандығының «агрохимик-топырақтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы № 8 кәсіптік мектепке оқу шаруашылығына жұмыскер болып бастап, 2003-2004 оқу жылынан бастап «Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімі, 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап психолог, 2011 жылдың 12 мамырынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014 жылдың қазан айынан директордың орынбасары, 2019 жылдан бастап «Алматы облыстық білім басқармасы мемлекеттік мекемесі Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің» директоры болып осы уақытқа дейін қызмет атқарды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатымен, аудан, облыс көлемінде түрлі мақтау қағаздарымен марапатталған.
VI, VII,VIII – сайланған Райымбек аудандық мәслихатының депутаты. Отбасылы.