12.7 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛЫ

      Ауданымыз жаңа аудан болып бөлінген 6 жыл ішінде  үздіксіз даму үстінде, дамудың тынымсыз көрінісін- құрылыс саласынан аңғарамыз. Еңселі ғимараттар- аудан сәні. Осынау көркем ғимараттарды тұрғызуда-құрылысшылардың еңбегі бағалы. Бағаламасқа болмайды, құрылыс- жанын шүберекке түйе жүріп атқарылатын жұмыс. Құрылысқа қабілеттілік-екінің біріне беріле бермейтін қасиет, сол себептен де құрылысшылар-арнайы мамандық иелері. Осыған орай, еңбегі елеулі құрылысшылардың кәсіби мерекелері белгіленген. 11 тамыз-құрылысшылар күні.

     Құрыш қолды құрылысшылардың арқасында, әлемде, елімізде, ауданымызда, ауылдарда үлкен жобалар жүзеге асырылып, сәулеті мен сымбаты келіскен ғимарттар бой көтеруде.

    Ауданымызда соңғы деректер бойынша, бүгінгі күні 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, Сарыбастау ауылындағы коммуналдық тұрғын үй құрылысы, Нарынқол ауылындағы жастар орталығы ғимаратының құрылысы, Нарынқол ауылындағы 250 адамдық емхана құрылысы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебінің құрылысы, Сарыбастау ауылындағы шағын спорт кешенінің құрылысы, Нарынқол ауылындағы ветеринариялық лаборатория құрылысы, Жамбыл ауылындағы мәдениет үйі құрылысы, Шәлкөде ауылдық округіндегі Шибұт бөгетін қайта жаңарту құрылысы, Сарыжаз ауылдық округіндегі Қабанды бөгетін қайта жаңарту құрылысы, Шәлкөде ауылдық округіндегі Шолақ бөгенін қайта жаңарту құрылысы, Райымбек ауданындағы суару желілерін қайта жаңарту құрылысы.

    Құрметті құрылысшылар қауымы, маңызды мамандық иелері, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Мамандықтарыңызға құрметпен қараймыз. Өз істеріңіздің үздігі болудан талмай, ауданымыздың көркеюіне өз мамандықтарыңыздың аясында үлес қосып, абыройларыңыз еселене берсін!

Ақерке БИЖАН

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар