13.7 C
Нарынкол
Пятница, 20 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ИГІЛІКТІ ЖОБА

         Ауыл  тұрғындарына жаңа мүмкіндік сыйлаған «Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыру, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игілікті жоба.

Микронесие  мерзімі – 5 жыл болса, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін мерзімде беріледі.  Ал ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК немесе 8,6 млн теңге. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8 мың АЕК немесе 27,6 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жүзеге асырылатын жобаларға беріледі.

          Бұл ретте өңдеу саласына қатысты жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы секілді жобалар, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландыру көзделіп отыр.

Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Сондай-ақ, кепілмен қамтамасыз етудің, салық органдарында тіркеудің болуы, басқа несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның, мемлекеттік кірістер органдарында берешектің болмауы талап етіледі. Бұдан бөлек, несие алушы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.

Несие алушыда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлардың болуы, ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік кооперативке өткізу талап етіледі.

Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.

Айта кетерлігі, сенім білдірілген өкіл үміткер ұсынған құжаттарды өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер талапқа сай болмаған жағдайда, себебін көрсете отырып кері қайтарады. Ал несие талаптарына сәйкес құжаттар 15 жұмыс күні ішінде қаралып, микрокредитті мақұлдау не беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Мақұлданған жағдайда үміткермен шартқа қол қойылып, содан кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына 3 жұмыс күні ішінде аударады.

Қаржының мақсатты жұмсалуы қадағаланады.

Осылайша «Ауыл аманаты» ауыл халқына жеке кәсіп ашуға немесе бұрыннан бар кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Микрокредит қаржысының мақсатты жұмсалуы да қадағаланады. Микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуына үнемі мониторинг жасалады. Қарыз қаражаты мақсатты жұмсалмаған жағдайда айыппұлдар, қаржыны мерзімінен бұрын қайтару секілді шаралар қарастырылған.

       Ауданымызда “Ауыл аманаты ” бағдарламасы аясында 93 азамат 2,5% несие алып, өз кәсіптерін бастаған.

   Солардың бірі- Текес ауылының тұрғыны Текесбаев Берікбол Арыстанбекұлы. Берікбол мырза аталған бағдарлама аясында 8,5 млн теңге алған. Бұл қаражатқа сиыр малын алып кәсібін бастаған. Кәсібі ойдағыдай жүзеге асып, сиырлардан тұқым алынуда. Берікбол Арыстанбекұлы аталған жобаның халыққа шексіз пайда келтіретініне бек сенімді, сонымен қатар, Текес ауылының тұрғыны Жылгелдиева Бейбітгүл ханым осыдан бір жыл бұрын  бағдарлама аясында 4850000 қаржы алып, жеке тігін цехын ашқан. Сарыжаз ауылының тұрғыны Сәтенова Елдана ханым да кәсіпкерлікке оң ықпал ететін бағдарламаны назардан тыс қалдырмай, 8 млн қаражат алып, тігін цехын ашқан. Осылайша отбасылық кәсіпті дөңгелетіп, қыз жасауын жабдықтайды. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің деректеріне сүйенсек,  аудан бойынша жоба аясында несие алғандардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласында кәсіп ашқан,  сонымен қатар, жеңілдетілген несие нәтижесінде 5-6 асхана, 7 қолөнер кәсібі, 3 шаштараз ашылған.

Ақерке НҰРӘЛІМҚЫЗЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар