2.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазіргі таңда әлемде көптеген мемлекеттер бар, ал тұрғындар сөйлейтін тілдер одан мың есе көп. Әр елдегі адамдар бір-бірімен қалай сөйлесе алады деген сұрақ туындайды. Міне, осындай жағдайда адамдар ұлтына қарамастан әлемдік тілдердің көмегімен бір-бірін түсініп, ақпарат алмаса алады. Осындай тілдердің ішінде ағылшын тілі бірінші орында тұр.

Осыдан аз ғана уақыт бұрын ағылшын тілі кәдімгі шетел тілі болды,  бірақ қазіргі уақытта әлемдік деңгейге көтеріліп, әлемдік қарым-қатынастың негізі болып саналады. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» – деп тұңғыш Президентіміз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады..

Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деп халық даналығы бекер айтпаса керек. Осыған сәйкес бүгіндері әлем тілдері арасында көш бастап тұрған 10 тіл.

I –Қытай тілі– 1 млрд. адам.

II –Ағылшын тілі– 508 млн. адам.

III – Хинди– 497 млн. адам.

IV –– Испан тілі 392 млн.адам.

V –Орыс тілі– 277 млн. адам

VI – Араб тілі – 246 млн. адам.

VII – Бенгал тілі – 211 млн. адам.

VIII –Португал тілі– 191 млн. адам.

IX –Малай тілі – 159 млн.адам.

X – Француз тілі – 129 млн. адам.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.

Соңғы кезге дейін ағылшын тілі жай ғана мектеп пәні болды. Ал бүгінгі таңда ағылшын тілі — қажеттілік. Көпшілігіміз қазіргі таңда ағылшын үйренуге қадам жасап, шағын курстарға қатысып, өздігімізден сөздер жаттап ізденеміз. Бірімізге қызмет үшін қажет болса енді біріміз балаларымыздың сабағына көмектескенде білімсіз болып отырмас үшін тырысамыз. Дәл осылай ағылшын тілін үйренуге ниеттеніп жүрген болсаңыз Алматы облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының Райымбек ауданында тегін курстар өтетінін хабарлаймыз. Курсқа ауданымыздың 18 жастан асқан кез келген тұрғыны қатыса алады.

МЕЛІС Айдана Ұланқызы,

Алматы облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының

Райымбек аудандық филиалының меңгерушісі

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар