3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ БАСТАМАЛАРЫ МЕН ЖАСТАР ЖОБАСЫН ОДАН ӘРІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        2024 жылғы 19 шілдеде ҚазақстанРеспубликасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Құрманова Айзада Амангелдіқызының төрағалығымен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жастар жобалары мен бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында берген тапсырмасын іске асыру жөнінде кеңес өтті.

        Кеңеске Президент Әкімшілігінің өкілдері, Министрліктің салалық комитеттерінің басшылары, өңірлік ішкі саясат/қоғамдық даму басқармаларының басшылары, «Қоғамдық келісім» мекемелерінің директорлары, сондай-ақ ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

        Кеңес барысында Айзада Кұрманова қатысушыларға Министрлікпен жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға және дамытуға, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға бағытталған жастар ұйымының жобалары мен бастамаларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті. Атап айтқанда, ол мемлекеттік органдардың Қазақстан халқы Ассамблеясымен және оның қоғамдық құрылымдарымен, соның ішінде «Ассамблея жастарымен» елдегі этносаралық келісім мен бейбітшілікті сақтаудағы өзара іс-қимылын күшейтуге баса назар аударды.

Өз кезегінде, Тимур Джумурбаев «Ассамблея жастары» РҚБ жаңа жобаларын, оның ішінде «Жаңа толқын» жобасын таныстырып, ұйымның этнос жастары арасында мемлекеттік тілді ілгерілету, этномедиация, волонтерлікті, қайырымдылықты дамыту және т.б. бағыттағы жоспарларымен бөлісті.

        Кеңес барысында жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және жастар арасында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған «Ассамблея жастары» РҚБ жастар жобаларының тізбесін айқындау мәселелері талқыланды.

        Сондай-ақ, Алматы қаласының «Рақмет, Жер ана!» акциясы мен Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар театрықызметін ұйымдастыру бойыншатәжірибелерін барлық өңірлерде кеңінен тарату мәселесі қарастырылды.

Өңірлік ішкі саясат/қоғамдық даму басқармаларынң басшылары «Ассамблея жастары» көшбасшыларын жастар саясаты кеңесінің құрамына тарту, этносаралық коммуникациялар алаңдарын кеңейту бойынша қажетті жағдайлар жасау және т.б. жұмыстарға бағдарланды.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар