3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ВЕТЕРИНАРИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ


    Жуырда Талғар қаласында Республикалық “Ветеринариялық қызметкерлер күні” кәсіби мерекесіне орай, ветеринария қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өткізілді. Аталған жарысқа ауданымыздың ветеринария бөлімінің қызметкерлері қатысып, жүлделі орындарға ие болып,  ауданымыздың абыройын асқақтатты.

    Ветеринария қызметкерлері спорттың 4 түрі бойынша бақ сынады. Волейбол спортынан ауданымыздың волейбол командасы 1 орынға ие болды. Ал қол күрес сайысында ветеринар дәрігер Айтбаев Айбек  1 орынға ие болса, Сарыжаз ауылдық округінің мал дауалау операторы Манжуов Жалғас 2 орынға, Нарынқол ауылдық округінің  мал дауалау операторы Дәулетұлы Жандос 3 орынға ие болды. Ветеринария саласының қызметкерлері  ой ұшқырлықтарын танытып, шахмат ойынынан да құр алақан қалмады. Шахматтан Текес ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Алменова Жанаргул 4 орынды иеленді. Үстел тениисінен Нарынқол ауылдық округінің вет пункт меңгерушісі Берік Арлен 4 орынға ие болды. Жалпы командалық есепте  біздің аудан жүлделі 1 орынды женіп алды.

    Ветеринария саласы қызметкерлерін аталған жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Жеңісті күндеріңіз көп болғай!

«ХАНТӘҢІРІ»

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар