3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ПОЛИЦЕЙ- ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТӘРТІП САҚШЫСЫ

     Бізді қоршаған қоғамдық ортаның тәртібі мен тыныштығын күзететін,  түрлі шиеленісті мәселелердің шешімін тауып қарапайым халықпен біте қайнаса жұмыс атқаратын полиция қызметкерлерінің еңбектері ерен. Тәртіп сақшыларының төл мерекесі- 23 маусым- полицейлер күні де келіп жетті. Мерекеге орай, өз мамандығын мерейім деп білетін, өз ісін асқан жауапкершілікпен атқаратын Нарынқол ауылының учаскелік полиция инспекторы Тағаев Алмас Есболұлын мақаламызға арқау етпекпіз.

       Құқық қорғау саласында өзіндік сара жолы қалыптасқан Тағаев Алмас Есболұлы — 1989 жылы желтоқсан айының 15 жұлдызында Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылында дүниеге келген.1996 жылы Сарыжаз орта мектебіне бірінші сыныпқа барып, 2007 жылы 11 сыныпты аяқтап, талабы күшті  түлек   қыркүйек айында Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы Заң Академиясына  түсіп, оқуды  2011 жылы аяқтады. Құқық қорғау саласында қызмет етуді армандаған жалынды жас маман еңбек жолын  осы  жылдың мамыр айында Райымбек аудандық полиция бөлімінің қылмыс іздеу бөлімшесінің жедел уәкіл қызметінде бастады.   

2017 жылдың мамыр айыннан бастап Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің  Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы қызметін 2019 жылдың желтоқсан айына дейін атқарып,  2019 жылдың желтоқсан айының 28 күнінен бастап Райымбек аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалды. Полиция майоры Тағаев Алмас Есболұлы қазіргі уақытта Нарынқол ауылының учаскелік полиция инспекторы қызметін атқаруда.

      Әр мамандықтың өзіндік қиындықтары мен қызықтары бар. Дегенмен, полиция қызметкерлерінің  жұмыс барысы қызыққа қарағанда қиындыққа толы. Күн, түн демей халықтың тыныштығын күзететін полиция қызметкерлері неше түрлі оқиғалармен ұшырасып, сан түрлі сипаттағы қылмыскерлермен кездесуге мәжбүр. Неше түрлі қылмыстық әрекеттер барысында  өмірін тәуекелге тігетін тұстары да жетерлік.

     Ардақты тәртіп сақшылары, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ел үшін атқарған еңбектеріңіз әрқашан лайықты бағасын алып, абыройларыңыз асқақтай берсін!

«ХАНТӘҢІРІ»

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар