26.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

“ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ КЕЗІНДЕ МЕДИАЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗІ” АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес, 27-30 мамыр аралығында Іле, Балқаш, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында  “Этносаралық қатынастарды реттеу кезінде медиацияны жүргізу негізі” атты семинар-тренинг өтті.

Семинар – тренигтің басты мақсаты: этносаралық қақтығыстарды реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырудағы медиацияны пайдалану әдістері мен тетіктерін оқыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардың қызметінде жаңа нысандарды іздеу.

  Аталған іс-шараға арнайы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Республикалық медиация кеңесінің төрағасы Пулатов Шерзод Аббозович,  кәсіби медиатор, халықаралық сарапшы-жаттықтырушы Шалбулова Күлпәш Жаниязқызы этносаралық шиеленістердің белгілері мен оларды шешу жолдары туралы дәріс өткізді.

  Семинарға аудандық ішкі саясат бөлім басшылары мен мамандары, ҚХА мүшелері, облыстық, аудандық этномәдени бірлестіктер, ақсақалдар және аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, Ассамблея жастары, үкіметтік емес ұйымдар, маслихат депутаттары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы 1000-нан астам  адам қамтылды.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар