12.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

Табиғатты қорғау — адамзаттың басты міндеттерінің бірі. Табиғатты қорғау дегеніміз — табиғаттың әр бөлшегіне жанашырлықпен қарау, оның ресурстарын тиімді пайдалану, ластанудан сақтау, өзіндік үлес қосу. Бүгінгі күні табиғатты қорғау, экология мәселелері жалпы Жер ғаламшарының маңызды мәселесіне айналған.

   Өз өлкеміздің табиғат жағдайына келер болсақ, Райымбек ауданы табиғаты қайталанбас табиғат көрінісі. Аспанмен бой таластырған таулар және оларды көмкеріп тұрған мәңгі жасыл шыршалар, түрлі өсімдіктер мен жануарлар әлемі, бәрі-бәрі ерекше көз тартады. Райымбек ауданының оңтүстік-батыс бөлігін Тянь-Шянь тау жүйесіне кіретін Теріскей Алатауының көптеген тау жоталары алып жатыр. Солтүстігінде Кетпен жотасының оңтүстік беткейімен қоршалады. Оның оңтүстігінде теңіз деңгейінен биіктігі 3700 м-ден астам Қаратау т.б. кездеседі. Одан кейін биіктігі 1000-2000 м-ге жететін Текес тау аңғары бар.

    Пайдалы қазбалардан құрылысқа жарамды тас, әк тас, балшық, құм кездеседі.

    Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы онша ыстық емес. Қаңтардың орташа температурасы – 14,50С, шілдеде 15,30С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400-500 мм, биік таулы бөлікте одан да жоғары. Жерінен бірнеше тау өзендері ағады, олардың Текес, Байынқол, Шәлкөде   және Тұзкөл, Ақкөл, Қаракөл т.б. ірі айдындары бар. 

     Жері тау шалғынды, күлгіндеу, қызыл қоңыр, сортаңдау топырақты келеді. Өсімдіктерден шырша, қарағай, арша, қайың, тал, бұталар, әр түрлі шөпті шалғын, қамыс т.б. өседі. Биік таулы бөлігінде арқар, барыс, сілеусін, тау теке, ақ тышқан; орманды жерде аю, марал, елік, жабайы шошқа, суыр, бүркіт, ұлар, кекілік, бөдене; далалы бөлігінде қасқыр, түлкі, қоян, борсық, сартышқан, қосаяқ; сулы өңірде ондатра, үйрек т.б. жануарлар түрлері мекендейді.

     Өңірімізде Қызыл кітапқа енген қызыл қайың түрлері, Тянь-Шань қарағайы, қызыл мия өсімдігі, жануарлардан арқар, Тянь-шань аюы, қар барысы, сілеусін сынды жануарлар бар. Аталған жануарлар ерекше қорғауда.

     Құрметті аудан тұрғындары, тамсандырар табиғатты мекен еткен жерлестер! Табиғатты қорғау әрекетіне бір кісідей ат салысып, жалпы адамзаттық парызымыз деп білейік.

КЕКІЛ Сұлтан Мұратұлы,

Райымбек АПБ табиғат қорғау

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар