26.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ЕЛТАҢБАНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ СІЗ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Соңғы кездері мемлекеттік нышандарымыздың бірі-елтаңбаны өзгерту жайлы мәселе жиі көтеріліп жүр. Бұл жәй алып-қашпа әңгіме емес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше күн бұрын Атырауда өткен ұлттық құрылтайда арнайы ұсыныс есебінде талқыға тастаған мәселесі.  Аталған мәселе бойынша, халықтың көзқарасы екі тарапқа бөлінуде. Бір тарап, елтаңбаның өзгерісіне қарсы болып, қазіргі қолданыстағы елтаңбаның міні жоғын алға тартса, келесі тарап, өзгерістен қашпау керектігін айтып, елтаңбаның өзгерісін құптап жатыр.

Қазіргі қолданыстағы елтаңба 1992 жылы 245 жұмыстың ішінен таңдалған нұсқа. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Елтаңбаны өзгетудің себептерінің бірі- елтаңба Кеңес заманын еске салады деседі, нақты айтсақ, елтаңбаның жоғарғы жағында бейнеленген бесжұлдыз Кеңес одақты еске салады-мыс. Алайда, бесжұлдыздың өз мағынасы бар және ол ешқандай да кеңес одағына байланысы жоқ. Бес бұрышты жұлдыз символын адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді. Ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Тағы бір мағынасы, Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлық өкілдері үшін қашанда ашық екенін білдіреді. Қазіргі елтаңба 30 жылдан астам елімізге қызмет етіп келеді. Тек, 2018 жылы елтаңбадағы Қазақстан сөзін латынша жазып өзгертпекке шешім қабылданды. Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық мекемелерде елтаңбаның жаңа нұсқасы  ауыстырылсын деген шешім қабылданды.

Елтаңбаны ауыстырудың аса қажеттілігі жоқ болғанымен, өзгерістерге де бейім болғанның зияны жоқ. Аталған мәселеге байланысты қарапайым халық мынадай пікірлер қалдыруда: “Елтаңба ауысса, ұлттық валютаны да, барлық азаматтардың құжаттарын, шенеуніктердің куәліктерін, ресми құжаттарды, әскери билет, зейнетақы куәлігі сияқты құжаттарды да ауыстыру керек болады. Ал бұл үлкен шығын деп айтылады.” “Ал бұл уақытта елде дұрыс дәретханасы бар мектептер жетіспей жатыр, жолдарды су басып жатыр, баға шарықтап кеткен, жемқорлық өршіген, кедейлік артты. Оны азаматтардың есебінен ауыстыруды ұсынады.  Елде «амалсыз бірдеңені өзгерту керек болғанда, елтаңба мен әнұранға жабысады» деді келесі біреу. Елтаңбаны өзгертуді тіптен дұрыс емес деуге тағы болмайды. Себебі жаңашылдық әрқашан жетістікке жетелейді, тек жаңа нұсқа бұрыңғы нұсқадан үздік болса ғана.

Расымен де, қазіргі таңда еліміздің бірқатар аймақтарында төтенше жағдай енгізіліп, қиын жағдайлар орын алуда. Дегенмен, бұл ұсыныс алдағы уақытта шешімін тауып, қоғамдық талқылауға түсіп, комиссия құрылып, нәтижесінде қабылданған шешім бойынша, жаңа Елтаңба жобасын жасауға ашық байқау жарияланатын болады. Елтаңбаның өзгеруіне сіз қалай қарайсыз?

Ақерке БИЖАН,

журналист

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар