12.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ОҚЫРМАНДАР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктеткен, көрнекті қаламгер, ұлт әдебиетінің классигі Бердібек  Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі .

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылында  дүниеге келді. Бердібек өскен отбасы өте кедей еді. Ол Албан тайпасының Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан. Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, кейін туған ауылында екі жыл ұстаз болып жұмыс атқарды. Алматы қаласындағы «Пионер» және «Қазақстан пионерлері» қазақ газеттерінің редакцияларында және Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды. Қазақтың ұлт әдебиетінің класигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев бүгінде тірі болғанда 100 жасқа толар еді.

Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім қара сөз.

Ерте ме, кеш пе мен де өлем,

Өлмейді тек дана сөз…— деп, жазушының өзі жырлағандай, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, повесть,  хикаялар қалдырды.

Осы орайда Сарыжаз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің мәжіліс залында  көрнекті қаламгер, ұлт әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына-100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің биік шыңы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Әдеби-сазды кеш сахнада қойылған «Балалар әдебиетінің биік шыңы» атты кітап көрмесін тамашалаудан бастау алды. Сонымен қатар,

Балалыққа саяхаттап барамыз,

Әдебиетке толы кітапханамыз.

Естелігін мәңгілікке қалдырған,

Соқпақбаев дара тұлға, атамыз- дегендей Жарылғаған Айару, Тілеш Еркен, Рахымбай Ақбөпе, Амантұрқызы Нұршуақ, Адасбек Дамир, Абу Мариям, Бақытжан Мереке, Нұрахман Кәусар  сынды өнерлі оқырмандарымыз ақынға арнауларын паш етті. Сондай-ақ, “Менің атым-Қожа” фильмінен үзінді қойылды. Кеш жалғасы өнерлі оқырмандарымыздың өнерлерімен жалғасын тапты.

Артына өлмейтін мұра қалдырған. Көрнекті қаламгер, ұлт әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай, «Балалар әдебиетінің биік шыңы» атты әдеби-сазды  кешін қорытындылау үшін Райымбек аудандық  кітапханасының директоры Ажикеева Қымбат Нұрданбекқызына сөз берілді.

Шараға  ат салысқан өнерлі оқырмандарға алғыс айтып, шағын сыйлықтармен марапаттады.

Жұлдыз КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

Сарыжаз ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Соңғы жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ҚАҒЫСЫ ЕРЕК – НҰРАҒА

1 сәуір – қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші-композитор, дирижер, домбырашы халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Осы орайда, қазақ...

Осыған ұқсас мақалалар