30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

         Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ауданымызға іссапармен келді. Облыс басшысы Тегістік ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Тегістік ауылдық округінің әкімі аппаратының ғимаратында аудандағы шаруа қожалықтармен кездесу өткізді. Жиын барысында халықтың көкейінде жүрген сұрақтар қойылып сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

         М. Елеусізұлының жұмыс сапары аталған ауылдағы М. Мақатаев атындағы орта мектепте жалғасты. Мектептің мәжіліс залында Тегістік ауылының халқымен кездесті. Жиынның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы 2023 жылы ауданда атқарылған және 2024 жылы атқарылатын жұмыстар туралы есепті баяндамасын оқыды. Аудан әкімінің баяндамасы тыңдалып болып сұрақ-жауапқа кезек берілді. Басқосуға арнайы келген көпшілік осы күнге дейін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Ауыл халқы тарапынан Тегістік ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты, ауыл ішіндегі жолдар, суармалы жерлер бойынша мәселелер көтерілді. Әр сұрақ бойынша тиісті мамандар қанағаттанарлық жауаптар берді. Ұсыныс-пікірлер назарға алынып алдағы уақытта ой елегінен өтетіні айтылды. Жиын соңында ауыл ақсақалы келген қонақтарға ақ батасын беріп, жақсы тілеген арнады.

         Облыс әкімі бастаған топ Тегістік ауылындағы «Altyn-Dan-1» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне бас сұғып, жұмыс барысымен танысты. «Altyn-Dan-1» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры Д. Құлмамыров 2023 жылғы жұмыстарын баяндап, жетістіктерін жіпке тізіп, 2024 жылы жұмыс көлемін 2 есе көбейтетінін тілге тиек етті.

         Келесі кезекте Тегістік ауылында ет бағытындағы асыл тұқымды ақ бас сиыр өсіретін «Олжас» шаруақожалығына келді. Шаруа қожалықтың төрағасы Олжас Қанапияев өзінің шаруашылығы туралы мәлімет берді.

         Жұмыс тобы бұдан шығып Қақпақ ауылындағы жоба құны 1.5 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 2,2 МВт су электрстанциясын іске қосуға барды. Облыс басшысы су электрстанциясының ашылу салтанатына арнайы қатысты. Құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікпен бірге лентасын қиды.

             Сонымен қатар, көктемгі су тасқынына қауіпті аймақтарды көріп, тиісті тапсырмалар берді. Халықтың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды қатаң тапсырды. Іссапар барысында халықтың тарапынан айтылған талап-тілектерді толығымен қанағаттандыру бағытында жұмыс жасауды баста назарда ұстау керек екенін басты айтты.

Дастан ЖАНАСЫЛ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар