0.5 C
Нарынкол
Понедельник, 27 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

Кликфрод және клик фермалар – алаяқтықтың жаңа түрі

Веб-коммуникацияның дамуымен көптеген кәсіпкерлер өз тауарлары мен қызметтерін онлайн жарнама арқылы өткізеді. Алаяқтар да уақытпен қатар жүріп, алаяқтықтың жаңа түрлерін ойлап табуда. Мысалы, кликфрод, оны кликтеу деп те атайды.

Алаяқтықтың бұл түрі және одан қорғану жолдары туралы толығырақ Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.

Кликфрод (ағыл. сlick fraud – алаяқтық клик) – бұл жарнама берушінің шығындарын ұлғайту үшін арнайы адамдар немесе боттар қандай да бір жарнамалық сілтемені басатын іс-шаралар кешені. Кликфродтан жарнама, маркетинг агенттіктері, интернет кеңістікте тауарлар мен қызметтерді сататын кәсіпкерлер зардап шегуі мүмкін.  

Алаяқтар кликфродты Pay per click, яғни әр клик үшін ақы қағидаты бойынша контекстік жарнамада пайдаланады. Алаяқтық схемасы мынадай: алаяқ жарнама берілген баннерді бірнеше рет басады, содан кейін жарнама берушінің веб-сайтынан жылдам шығып кетеді. Кликфрод үшін алаяқтар жарнамалар үшін пайдаланушының клик басқанын білдіретін автоматтандырылған скриптерді немесе бағдарламаларды пайдаланады. Нәтижесінде компанияның жарнамалық бюджеті немесе сайт иесінің табысы таусылып, алаяқ сайттарға трафикті енгізу арқылы ақша алады, бұл жарнаманы басу санынан жинақталған табыс әкеледі.

Жыл сайын жарнама агенттіктері, брендтер мен жарнама берушілер кликфродтан шығынға ұшырауда. Ірі интернет-порталдар мен іздеу жүйелері де кликфродтан зардап шегіп, шығындануда. Себебі олардың қызметтеріне деген сенім азаяды.

Кликфродтың негізгі белгілері:

  • бір IP-мекенжайдан және бәсекелестердің сайттарынан ауысу санының көп болуы;
  • сайттан тез – 1-2 секундтан кейін кететін келушілер санының күрт ұлғаюы;
  • сайтқа кірушілер саны сатып алушылардың өсу қарқынынан арта бастайды;
  • жарнамаға арналған бюджеттің жылдам жұмсалуы және трафиктің күрт өсуі;
  • трафиктің нақты көзі геотаргетинг өлшемдерімен сәйкес келуін тоқтатады — жарнамалар пайдаланушыларға, мысалы Алматыдағы пайдаланушыларға арналса да, кликтер шет елдерден болуы мүмкін.

Кликфродтың түрлері

1. Клик фермалар – алаяқтар арзан құрылғыларда (көбінесе смартфондарда) жарнаманы қолмен басып отыратын адамдарды жалдайды. «Клик фермалардың» қызметін бірдей деректермен өзара іс-әрекетті айқындау арқылы анықтауға болады. Мысалы, бірдей ІР-мекенжайлар, браузерлердің нұсқалары, желілік провайдерлер, деректер тарату жылдамдығы және тағы басқа.

2. Боттар – жарнама арқылы ауысатын және пайдаланушының тінтуірді қозғап,  батырманы басқансу сияқты әрекеттерін қайталайтын зиянды бағдарламалық қамтылым. Сол себепті жарнама жүйелері пайдаланушымен емес, ботпен жұмыс істеп отырғандарын анықтай алмай жатады.

3. Бот-желілер – кликфродтың алдыңғы түрінен ауқымы жағынан ұлғайтылған түрі. Мұнда зиянды бағдарламалық қамтылым компьютерлердің желісіне орнатылады және кликтерді жасанды түрде ұлғайтады. Бот-желілер белгісіз сайтқа кездейсоқ кірген пайдаланушының смартфонына мобильді құрылғы орната алады. Ал әрі қарай бағдарламалық қамтылым адам интернет-дүкенге белгілі бір тауар сатып алғысы кеп кірген сияқты көрініс қалыптастырады.

4. Кликджекинг немесе көзге көрінбейтін жарнама – пайдаланушылар өздері аңғармастан, кликтерді санын ұлғайтады, себебі баннерлердің, видеолардың немесе батырмалардың үстінде орналастырылған жарнаманы көрмей қалады. Бұл көлемі бір пиксель болатын түссіз баннерлер болуы мүмкін. 

5. Клоакинг-сілтемелер – бұл жағдайда алаяқтар сілтемені ауыстырып, пайдаланушы өзіне қажет парақшаның орнына өзіне трафик ұрлайтын басқа сайтқа кіріп кетеді.

Кликфродтан қалай қорғануға болады?

Өкінішке қарай, кликфродтан толық құтыла алмайсың, ол көптеген адамдар үшін тиімді, себебі іздеу жүйелеріне трафик керек. Алайда, жарнама тазалығы қағидаларын сақтау және өз өніміңді дұрыс орналастыру арқылы одан қорғануға болады. Ең бастысы – үнемі сақ болу, жарнама форматтарын, алаңдары мен метрикаларын үнемі зерделеу. Мамандандырылған басылымдар кликфрод зерттеулерімен және жарнама бюджетін қорғау тәсілдерімен жиі бөліседі және тіпті бір қарағанда ең қарапайым кеңестердің өзі қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі.

Ауқымы тар таргетинг алаяқтық ықтималдығын азайтады, ол үшін өзіңнің нысаналы сегментіңізді ғана назарға алып, жарнаманы дәл соған бағыттау қажет.

Жарнама алаңдарының санын азайту арқылы олардың әрқайсысының тиімділігін мұқият қадағалауға болады.

Автоматты сүзгілерді пайдалану. Егер трафик күмән тудыратындай белсенді бола бастаса, бұл сүзгілер жарнамаға бюджеттің жұмсалуын тоқтатады.

Сенімді агенттіктерге немесе делдалдарға жүгіну әрі жарнамадағы заң бойынша тыйым салынған жұмыстардан алыс болу арқылы сізге алдымен жақсы табыс түсуі мүмкін, ал одан кейін түсім азая бастайды.

Өнім берушілерден міндетті түрде күн сайынғы есептер мен ашық талаптарды талап ету. Егер сіздің талабыңызды орындаудан бастапқы кезеңде-ақ бас тартқан болса, бұл – ойлантарлық жағдай. Сонымен бірге, есептерді талап етіп, алып тұру ғана емес, оларды өз бетіңізше зерделегеніңіз де маңызды.

Алаяқтардың назарын аудартпас үшін жарнама науқандарын үзілістермен өткізіп тұру. Әрбір жарнама кезеңіне сомалары бір-біріне ұқсамайтын бөлек бюджет бөлу артық етпейді. Сол арқылы жарнама берушіге тартылатын алаяқтардың саны да аз болмақ, ал боттар үшін науқандарға талдау жасау қиынға соғатын болады.

Жарнаманы басуға қарсы сервистерді пайдалану, бірақ бұл арзанға түспейді. Мұндай сервистер өз клиенттерін қорғау арқылы табыс табады, сол үшін де, әдетте, кликфордпен күресетін алгоритмдері мен тәжірибесі бар. Олар қызметтерін мүмкіндіктеріне қарай бағалайды, ал егер мүмкіндіктері көп болса, бағасы да жоғары болмақ.

Бүгінгі күні кликфорд интернет-жарнаманың сан алуан түрін қолдануда, бірақ оны көбіне контекстік жарнамада пайдаланылады. Өкінішке қарай, жалған кликтерді пайдалану арқылы әлеуетті клиент үшін күресте бәсекелесті расымен де шығарып тастауға болады. Кликфордтан зардап шеккен жарнама берушілердің көбі контекстік жарнаманың не себепті тиімсіз болғанын тіпті түсінбей жатады. Жарнама жасайтын сервистердің өздері бұл жағдайды жақсы түсінеді, олар қауіпті жойып, өздерінің контекстік жарнама беделінің түсуіне жол бермес үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасауға тырысады.

Өзіңізді, ақшаңызды қорғап, Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар