Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы — Республика күнімен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты куні сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін.
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды
ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халкымыздың Республика күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен Қарасаз ауылдық округінің әкімі
Мухаметжанов Дидар Нұрболұлы