30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ОРНЫ БӨЛЕК МЕРЕКЕ

Қазақстан!

Пай, пай, пай!

Ардағым –ай!

Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!…

1990 жылы қазан айының 25- і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық – саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет- Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады.

Биыл Қазақстан 14 жылдан кейін екінші рет Республика күнін тойлап отыр. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Бұл мерекенің орны бөлек.

Көремін, керемет бір күн кешемін,

Болашағым сенімен бірге өсемін.

Мен сенің үніңменен үндесемін,

Мен сенің тіліңменен тілдесемін – деп ақын Мұқағали Мақатаев жырламақшы тәуелсіздігімізбен бірге өсіп, Қазақстанымыз жыл сайын жаңарып дамып, келеміз. Мереке құтты болсын!

Алмагүл ЖҰМАҒҰЛОВА,

М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды

музейінің қор сақтаушысы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар