11.6 C
Нарынкол
Вторник, 29 августа, 2023
No menu items!

Суармалы су мәселесі бойынша телеарналарға арналған пресс-релиз

Маңызды

Еліміздің бірқатар өңірлері су тапшылығы жағдайында, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының фермерлері биыл жақсы өнім алуды болжап отыр.
Осы жылдың басынан бері, бұл ауданда вегетативті жүйе қайта қаралды.
Егер бұрын аграршылар су алу үшін жұмыс істеп тұрған АШК– ге жүгінген болса, биыл олар суармалы судың бастапқы көзі – Д. Қонаев атныдағы Үлкен Алматы каналымен тікелей шарттар жасасты.
Фермерлердің айтуынша, алдыңғы жылдары судың құны 1 га жерді суару үшін 20-дан 28 мың теңгеге дейін өзгерген. Қазір ол 1 текше метрге 70 тиын ғана.
Бүгінгі таңда, ауданның 2000-нан астам шаруа және фермер қожалықтары 406 млн текше метр су алды.
Өткен жылмен салыстырғанда жаңа тарифпен 600 млн теңгеден астам қаражат үнемдеу арқылы, олар өз бизнесін дамытуға, жаңа егіндіктер мен техникалар алуға бағыттай алатын мүмкіншілік иемденді.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар айында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ирригациялық желілер саласында мониторинг жүргізген, оның нәтижелері бойынша Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығының дамуын тежейтін бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Министр просвещения Гани Бейсембаев в кулуарах правительства 22 августа высказался о ношении хиджаба в школах Казахстана

Министр напомнил, что все ученики, согласно требованиям законодательства, должны приходить на занятия в школьной форме."Вы это знаете хорошо. Это...

Осыған ұқсас мақалалар