30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

Пресс релиз

Ағымдағы жылғы 26 мамырда сағат 17:00-де республика бойынша бірыңғай дәстүрлі «Халық заңгері» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және көбіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқан тұрмыстық қиын мәселелерді шешуде құқықтық консультация беру.

Мемлекет  басшысы ҚХА-ның а.ж. 27 сәуірдегі сессиясында айтып кеткендей, «адамдардың құқықтық мәдениетін дәйекті түрде арттыру, қоғамдық санада жасампаз құндылықтарды дамыту қажет».

«Халық заңгері» акциясы соңғы жылдары жыл сайын өткізілуде және азаматтар арасында сұранысқа ие болды.

Аталған акцияның шеңберінде Қонаев қаласында «Сити плюс» сауда орталығының алаңында 30-дан астам үздік юрист-мамандар, өңірдің тіршілігі мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды.

Сарапшылар құқықтық мәселелермен жүгінген 100 астам адамға толық және тегін құқықтық көмек көрсетті. Негізінен бұл жер, еңбек және отбасылық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер.

Естеріне сала кетейік, «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын өткізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, zakon.kz баспасының және «Параграф» ақпараттық жүйесінің бастамасы болып табылады№

Акцияның ауқымы мен географиясы бойынша Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар