12.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 19 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

Қазақ мемлекеттілігі: қарсы пікірлерге уәж

Қазақ жерінде бұрын мемлекеттік құрылым болды ма деген мәселе бүгінге дейін тартыс тудырып келді. Бірақ Кеңес кезінде үстем болған қасаң ой-пікірлер мен жаңаша еркіндік жағдайындағы тұжырымдардың үйлесім табуы оңай емес екен. Бұрынғыдан әлдеқайда қатары көбейген заңгер, тарихшы мамандармен қатар, әдебиетші және басқа зиялы қауым өкілдерінен тұратын зерттеушілер арасында бұл мәселе турасында сан түрлі көзқарастың барын байқаймыз.

Десе де осы пікірлерге филология ғылымдарының кан­­­дидаты, саясаттану док­­торы Мұхит-Ардагер Сыдық­на­заровтың журналист Майя Бекбаевамен болған сұхбатында нақтылы нүкте қойылғандай. Өйткені оның «Тарих толқы­­нын­д­ағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. ХVІ-ХІХ ға­сыр­лардағы еуропалық және ­амери­калық карталардағы ­­­Қа­зақ мемлекеті» атты кіта­бы бар құрметке лайық. Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы осы ғылыми еңбекпен шұғылдан­­ған 17 жылдық зерттеу нәтиже­сін­де шетел архивтерінен Қа­зақ мемлекетінің шекарасы көрсетілген 1500 карта тапқан. Соның ішінен 130-ын ғана ықшамдап алынған. Әр картаның өзіндік толық мағ­лұматы бар. Бұлардың бәрі біздің отандық ғылыми айна­лымға тұңғыш енгізіліп отыр. Бұл тарихшылар мен гео­граф­тарға ғана емес, лингвистерге, топонимистерге, жалпы Қа­зақ елінің тарихымен айналы­сатын тұлғалардың бәріне арнал­ған аса құнды еңбек. Сонымен қатар кітап­тың ғылыми ғана емес, саяси өлшемі де бар. Бұрын Қазақ мемлекеті болмаған дегендерге ғылыми жауап. Осы кітаптан кейін мұндай әңгіме айтылмайды ғой деп ойлаймын. Өйткені бұл көне карталар – еуропалық және америкалық саяхатшылар мен дипломаттар әзірлеген ғылыми құжаттар. Оларда нақты Қазақ мемлекеті мен 40 этноним көрсетілген.
Оның сөзіне қара­ғанда, 1562 жылы сы­зыл­ған сол картада «Қазақия» деп нақты көрсетілген.
Дүниежүзілік картографтар мен саяхатшылардың кейбірі шекараны сызумен қатар сол елдердің өзіне тән ұлттық ерек­шеліктерін сурет түрінде бейнелеген.

М. К. Сыдықназаровтың ғылыми жаңалығы халықаралық саяси кеңістікте Қазақ елінің тарихына, мемлекеттілігімізге күмәнмен қарайтындарға нақты дәлел және қазақ халқының көпғасырлық тарихын жоққа шығаруға қайтып жол бермейтін, оның тарихи жерлеріне иелігін айқындайтын құнды дүние болып табылады. Бұл академиялық жинақтың бүгінде қоғамның тарихи жадын оятудың, руханиятын жаңғыртудың, еліміздің шынайы тарихын қалпына келтірудің белсенді үдерісі жүріп жатқан кезде Жаңа Қазақстан құру үшін маңызы өте зор.
Сондықтан қазақ ғылымы мен біздің қоғам Қазақ мемлекетінің ежелгі карталарымен мүмкіндігінше тезірек танысуы тиіс.

Орынбасар ЖАНӘДІЛ,
білім беру саласының үздігі, ардагер-ұстаз, өлкетанушы.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар