-10.4 C
Нарынкол
Понедельник, 26 февраля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҰЙҒЫР АУДАНЫНА «ЖӘРДЕМ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ КЕЛДІ

       Шалғай жатқан елді мекендердегі халыққа медициналық көмек көрсету үшін «Жәрдем» пойызы 26 сәуірден 6 желтоқсанға дейін Қазақстанды араламақ.

Бүгін бұл «Жәрдем» пойызы Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Тасқарасу стансасына келді. Мұнда пойыз 2 күн аялдайды. Пойызда дәрігерлер жұртшылыққа тегін көмек көрсетеді. Сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен халыққа заң тұрғысынан және құқықтық, психологиялық кеңес беріледі. Бұдан бөлек, тұрғындар мемлекеттік әлеуметтік қолдауларға қол жеткізу, зейнетке шығу, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде консультациядан өтулеріне мүмкіндік қарастырылған.

«Саламатты Қазақстан» жобасының координаторы Жанар Үсіпбекованың айтуынша, Қазақстанды аралау Алматы облысы Қопа ауылынан басталған. Алғашқы сапар күнінен осы уақытқа дейін 700-ден астам адамға медициналық көмек көрсетілген. Пойызда 21 дәрігер бар. Жұмыс уақыты әдеттегі кестеге сай өтеді.

«8 күн ішінде заңгерлер мен медиаторларға 100-ден астам шағым түсті. Жұртшылықтың арыздарын жинап, тиісті органдарға жолдаймыз. Кейіннен ол мәселесінің шешілуін қадағалап отырамыз. Әр облыстағы күрделі проблемалардың анализі жасалатынын да айта кеткен жөн», – деді координатор.

Жанар Үсіпбекованың мәліметінше, тұрғындарға көмек беруде әйелдерге басымдық беріледі. Оның ішінде мүгедек бала бағып отырған, жалғызбасты аналар, тағы да басқа санаттағы әйелдер болуы мүмкін.

Тасқарасуға еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жиналып, бірінен соң бірі дәрігерге кіріп жатыр. Олар ақ халаттыларға алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін пойыз облыстың Қопа, Медеу, Жетісу, Шелек стансаларында болды. Ендігі аялдама – Айдарлы стансасы. Аталған стансаға пойыз 5 мамыр күні сағат таңғы 8:48-де барады. Содан соң Жетіген мен Іле стансасына да тоқтайды. Алматы облысын аралап болған соң, «Жәрдем» пойызы 10 мамыр күні Жетісу облысына жол тартпақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

         Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ауданымызға іссапармен келді. Облыс басшысы Тегістік ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп ауылдың тыныс-тіршілігімен...

Осыған ұқсас мақалалар