20.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСТЫ МАҚСАТ

        Ел президентінің дәстүрлі Жолдауына әркез үмітпен қарайтынымыз рас. Бұл жолғы Жолдаудың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» деген тақырыпты алуы заңдылық. Өйткені, ел тарихының «Жаңа Қазақстан құру» тұсындамыз. Бірден байқалғаны, экономикаға қатысты реформалардың басымдығы. Сондықтан тұрмыс-тір- шілігіміз оңалар, алға қарыштармыз, бәлкім.

       Президенттің айтуынша, кредиттік ресурстардың жетіспеушілігі отандық бизнес үшін елеулі проблема болып қалып отыр. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқанын білесіздер. Мемлекет басшысының айтуынша, кредиттік ресурстардың жетіспеушілігі отандық бизнес үшін елеулі проблема болып қалып отыр.

       «Қазақстанда шағын және орта бизнестің толық қаржыландырылмауы шамамен 42 миллиард долларды құрайды. Бұл ретте банктерде көп триллион өтімділік жинақталған, ол іс жүзінде экономикаға жұмыс істемейді. Ұлттық банк, Қаржылық реттеу жөніндегі агенттік, Үкімет нақты секторды тұрақты және қолжетімді кредиттеуді қамтамасыз ететін нақты шешімдер табуға тиіс. Жағдайдың күрделі ерекшелігін ескере отырып, Ұлттық Банк үлкен тапқырлық танытуы тиіс. Шетелде тәжірибелер жеткілікті», — деді Тоқаев.

        Сонымен қатар Президент кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуы тиіс екенін айтты. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек.

       «Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық», — деп нақтылады Мемлекет басшысы.

Тукмолдаева Гульназ,

Алматы облыстық кәсіпкерлік палатасының

Райымбек аудандық филиалының директоры.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар