30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – «АУЫЛ АМАНАТЫ»

     Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жер-жерлерде «Ауыл аманаты» атты жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарына негіз қалау, түрлі мақсатты шаруа жүргізсем деген азаматтардың табысын арттыру болып табылады.

      Облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қуандық Чункуновтың қолға алуымен аудандарда «Ауыл аманаты» жобасы аясында түрлі іспен шұғылдану, оның ішінде «ЕСО CHICKTN» шағын құс фермасының жобасын іске асыруға негізделген тұрғындармен жүздесулер жалғасын табуда. Мұндай басқосу Райымбек аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткізілді. Сарыжаз ауылындағы А. Сәрсенбаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының Райымбек аудандық филиалының директоры Гүлназ Тоқмолдаева мен «Bai Jem» компаниясының бас технологы, малды азықтандыру бойынша бас маманы Мәди Төребаев «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтініш беріп, жаңа істерге негіз қалағалы отырған ауыл тұрғындарымен жүздесіп, әңгіме өткізді. Рас, төрт түлік мал етінің бағасы тым жоғары болып тұрған шақта бір айдан астам уақыт аралығында құс өсіріп, 18-24 айда оған салған қаражатты қайтаруға мүмкіндік беретін бизнес – құс шаруашылығының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектесетін болады. Жиналысқа қатысушылардың көптеген сұрақтарына нақты жауап берілді.

Өз тілшіміз.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар