2.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Кәсіпкер 2 жыл бойына мемлекеттік актіні ала алмай жүрген

     Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 2 жыл бойы жер учаскесіне мемлекеттік актіні ала алмай жүрген кәсіпкер жүгінді.

Азап шегудің себебі Кеңес заманында берілген құжаттарды (ҚазКСР Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің шешімдері мен ХАТТАМАСЫ және ҚазКСР жер учаскесіне мемлекеттік актінің болмауы) талап ету болды.

Осыған ұқсас себеппен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімі ұзақ уақыт бойы ПКК төрағасына жер учаскесіне мемлекеттік актіні беруден бас тартты.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жер кадастры филиалында уәкілетті органдармен көшпелі кеңес өткізді. Нәтижесінде, талап етілген құжаттар мемлекеттік актіні дайындау үшін негіз болып табылмайтыны белгілі болды.

Кәсіпкерге МЖК ААЖ деректер базасының мұрағаттық жазбасы негізінде жер учаскесіне мемлекеттік акт дайындалды.

Кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар