0.5 C
Нарынкол
Понедельник, 27 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ТОЛЫҒУДА

       Президент Жарлығымен қайта қалпына келгеніне 5 жыл толған Райымбек ауданының мәдениет саласында да оң өзгерістер бар. Ауданда жалпы 9 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 9 кітапхана жұмыс істейді. Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі бар. Өңірдегі Қарасаз, Текес ауылдарындағы өнер мектептерінің орны бөлек. Аудандық мәдениет үйінің жанындағы «Хантәңірі» халық театрының, «Алтын қазына» әжелер ансамблінің атына жылы лебіз білдірген жөн. Текес өнер мектебінің жанынан құрылған «Ақ толқын» фольклорлық-этнографиялық ансамблі де ел мақтанышы.

     Өткен жылдан бері қарай Қақпақ ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, қазіргі уақытта материалдық-техникалық базасы қамтамасыз етілуде. Көп жылдардан бері қаңырап бос қалған ғимараттың ел игілігіне айналар сәті жақын. Сүмбе, Жамбыл ауылдарынан жаңадан тұрғызылған мәдениет үйлері биыл пайдалануға беріледі. Бұл да өңірдегі үлкен оқиға, жағымды жаңалықтардың бірі. Аудан аумағындағы Сарыжаз, Шәлкөде және Тегістік ауылдарындағы мәдениет үйлері апатты жағдайда деп танылып, бұзуға қорытындысы алынған. Қазіргі уақытта облыстық құрылыс басқармасы арқылы заманауи типтік мәдениет үйлерін салуға жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. Алдағы жылдары аталған ауылдардан да жаңа мәдениет үйлері бой көтеретін болады. Бұл аталған үш ауыл тұрғындары үшін үлкен жақсылық болмақ.

Қанат БІРЖАНСАЛ,

Сүмбе ауылы.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар