2.9 C
Нарынкол
Понедельник, 27 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

Күн сайын Астанада 50 мың полиэтилен өнімі қоқысқа кетеді.

23 ақпан күні жасылдар партиясының ұйымдастыруымен өткен Экохакатонның басты мәселесі қоқыс болды.
Студенттермен кездесу барысында партия мүшесі және экобелсенді Мирас Аббасов саналы тұтынуға көшудің маңыздылығын атап өтті.
« Қазіргі күні әлемді маркетолог мамандар билеп, өз тауарларын ұсынады.Ал біз өз кезегімізде нақтылай заттардың қаншалықты қажеті бар екенін санамыздан өткізуіміз керек.Мысалы, бір джинсы шалбар шығару сегіз мың литр суды қажет етеді және оған басқа да ресурстар қажет. Сондықтан әр затты алмас бұрын ой таразысынан өткізу керек.»
Ой елегінен өткізбей алынған тауарлар да қоқыс санын көбейтеді.Ал Астана қаласында әзірге бір ғана қоқыс өңдейтін зауыт бар. Екіншісі әзірге тек жоспарда.
Қала көшелерін ұшып жүрген пакеттер мен шашылып жатқан пластикалық бөтелкелерден тазарту үшін Экохакатон қатысушылары жабық қоқыс жәшігін орнатуды ұсынды.«Күн сайын Астанада 50 мың полиэтилен өнімі қоқысқа кетеді,»- деп атап өтті М. Аббасов.
Студенттерді мазалайтын экологиялық мәселелер- Есіл өзенінің ластануы мен Талдыкөл мәселесі. Сондай-ақ өздері сияқты жастарды табиғатты аялауға шақыру үшін, қала тұрғындарының экобелсенділігін арттыру үшін сенбіліктердің форматын өзгертіп, экоквест,марафон сияқты қызықты іс-шараларды өткізуді ұсынды.
«Baitaq» партиясының жасыл экономика бойынша хатшысы Чингиз Лепсибаев партияның Астана аумағында ғана емес Қазақстан бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың жоспарымен бөлісті.
Байтақтар көгаландыру мен ТҚШ салаларында жаңа тәсілдерді қолдайды. Бар болғаны төрт жыл көлемінде партия мүшелері халықаралық стандартқа сәйкес келетін қала көрінісін көгаландыруды жоспарлап отыр.
Экохакатонда айтылған барлық ұсыныстар партияның жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар