8.6 C
Нарынкол
Воскресенье, 28 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ МАЛ ТӨЛДЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСЫП ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

        Ұлттық экономиканың алтын өзегі саналатын ауыл шаруашылығы саласына білікті мамандар даярлайтын көшбасшы жоғары оқу орнының бірегейі – Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті. Айта кету керек, қазіргі қазақ жастарының, әсіресе, ауыл балаларының білім мен ғылымды игеруге құлшынысы өте зор. Мұнда оқитын жастардың басым бөлігі ауылдың түлектері. Осы орайда бүгін ҚазҰАЗУ басшылары – Басқарма Төрағасы — Ректордың орынбасары — Провост Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлы, Басқарма Төрағасы — Ректордың  инфрақұрылымдарды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы мен Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлының кездесуі болып өтті. Кездесу барысында аймақтағы шаруа қожалықтарында студенттердің ақылы тәжірибеден өтуін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланып, көктемгі төл науқанына 2- курстың 36 студенті келіп әр шаруашылықтарда ақылы тәжірибеден өтетін болды. Бұл жұмыстар ауданның ауылшаруашылығы саласын қазіргіден де жоғары деңгейге көтеруге өз үлесін қосатыны анық. Өзіміздің ауданнан шыққан азаматтарымыз өз ауылдарына келіп, алдыңғы қатарлы маман ретінде елге қызмет жасауын бәріміз қалаймыз. Тәжірибеден өткен студенттер дипломдарын алып, болашақта ауданымызға жұмысқа орналасып жатса жас мамандарға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетілетін болады.

         Шөбі шүйгін, жері майса, топырағы құнарлы тау бөктерінде орналасқан біздің ауданның халқының негізгі күнкөріс көзі осы ауылшаруашылығымыен тығыз байланысты. Ауданның экономикалық дамуы өсіп, шаруа қожалықтарының табысы еселеніп, елдің жағдайы жақсарып келеді. Ең бастысы туған ауылдарына жас мамандар орала бастады. Бұл салаға мемлекет тарапынан көмектер жасалып, қолдау көрсету шаралары жыл сайын артып келеді.

        Таулы өңірдегі негізгі сала – мал шаруашылығы. Ал, төрт түлік мал басының өлім-жітім, түрлі аурулардан аман болуы – ең басты мәселе. Аудандағы ветеринария саласы мамандарының білімін ғылыммен ұштастыра отырып тәжірибе жасау мал шаруашылығына оның ішінде малды асылдандыруға көп көмегін тигізеді. Бұл жұмыстар аудандағы ветеринария саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырып, болашақта оң нәтижесін береді.

     Ауданымызда аграрлық саланың да алар орны ерекше. Бұл сала бойынша да алдағы уақытта білікті жас мамандарды тарта отырып егіннің сапасын және өнімнің өнімділігін ұлғайту мақсатында жоспарлар жасалуда. Жердің құнарын арттырып ғылыми түрде жаңа тұқымдарды пайдалана отырып егін шаруашылығын дамыту ойластырылуда. Жерді тиімді пайдалану, өнімді зиянкестерден сақтау, элиталы тұқымдарды көбейту сияқты шаруалармен шұғылданатын жас агрономдар келетін болады.

     Райымбек ауданының тағы бір ерекшелігі – ол сұлу табиғаты. Құдайдың берген әсем табиғатын қорғап, оны келешек ұрпаққа табыстау біздің парызымыз. Ауданымыздың табиғатын қорғап, жасыл-желектің жайқалып өсуі үшін аянбай еңбек етіп жүрген орман қорғаушыларының еңбегі қашанда елеулі. Сол себепті орман шаруашылығы бойынша да жас мамандар ауданымызға қажет. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында жоспарлар құрылып, алдағы уақытта іске асыруымыз керек.

    Бір сөзбен айтқанда түлектердің көпшілігі ірі шаруашылық, өндіріс орындарын ұйымдастыру және басқару ісінде, облыстық және республикалық дәрежеде, алыс және жақын шетелдерде түрлі қызметтер атқаруда. Бұл абыройлы міндетті жүзеге асырудың түпкі мәні – ауданымыздың ауыл шаруашылығын жаңа биіктерге көтеру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ҚАҒЫСЫ ЕРЕК – НҰРАҒА

1 сәуір – қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші-композитор, дирижер, домбырашы халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Осы орайда, қазақ...

Осыған ұқсас мақалалар