15.8 C
Нарынкол
Четверг, 25 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ОТЫЗ ДҮРКІН ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

        Аппақ қардың бетінде құстай ұшқан шаңғышыларды көргенде солармен бірге ой мен қырды кезіп, бірге аралап кеткің келеді,-ау, шіркін?! Жалпы, сол аппақ әлемді шаңғымен аралап кеткенге жетер ештеңе жоқ. Қырдан – қырға, сайдан-сайға құстай ұшқан сайын көңілің көтеріліп, қиялың қияларға самғап кетеді. Одан алар ләззатың шетсіз де шексіз.

       Әр өңірде осы бір екі аяқты сырғанақты жақсы көретіндер, соны тірлігінің мәні мен маңызындай, сүйікті ісіндей көретіндер жоқ емес. Бұл орайда Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылының тұрғыны Жанболат Сұлтанғазиевті алдымен ауызға алатын едік. Қыс басталды бітті тау-тауын, ой-қырын аралап, желдей есіп, сүйікті шаңғысын теуіп қайтпаса, көңілі көншімейді. Аптасына кем дегенде екі-үш күн шаңғысымен табысады. Лайықты спорттық киімдерін киіп алып, шаңғысымен қырға қарай бет алып бара жатады. Осылайша шаңғымен өтетін өмір дәстүрге айналып кеткен. Одан жаман болып жүрген жоқ. Денсаулығы жақсы. Бүгінде елудің жетеуіне аяқ басқан Жанболат өзін жиырма бестегі жігіттей сезінеді. Ширақ жүреді, сергек қозғалады. Әр шаруасын ретретімен тап-тұйнақтай орындайды. Алпысқа таяп қалған Жанболаттың өзін сондайлық жеңіл сезініп, шаңғысымен құстай ұшып жүргенін көргендер шын мәнінде тамсана қарайды. Таңдана қарайды. Бұл спорттың бергені. Спорт – мәңгі жастық деген осы.

        Дәл осы Жанболат ініміз биылғы шаңғыдан өткен облыстық чемпионатта облыстың 30 дүркін чемпионы атанды. Есімі аңызға айналды десе де болады. Бұл шынайы өз еңбегі. Шаңғыға деген құштарлығының жемісі. Спортты сүйер өмірінің келбеті. Нарынқол орман шаруашылығы коммуналдық-мемлекеттік мекемесіне қарасты Сарыжаз орманшылығында еңбек ететін орманшы жігіт жаз маусымында атпен жүреді. Ол кездегі қорегі саумал мен қымыз болып келеді. Туған жерінің тау-тасын жаяу аралап қайтқанды да жек көрмейді. Бәрі де денсаулыққа бірден-бір пайдалы. Ауыл спортын, аудан спортын дамытуға ерен үлесін қосып келе жатқан Жанболаттай азаматқа келешекте Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» деген атақ берсе, жарасып тұр. Бұл ел басқарған, жұрт көшін бастаған азаматтардың назарында болса, ләзім! Ал, Жанболаттай шаңғышы азаматқа өмірдің бар жақсылығын тілейміз!

Қанат БІРЖАНСАЛ,

Сарыжаз ауылы.

Соңғы жаңалықтар

АССАМБЛЕЯ — ЕЛ БІРЛІГІ ҮШІН ТИІМДІ ҚҰРЫЛЫМ

    Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты ХХХІІІ  сессиясы өтуде.     Биылғы сессияның...

Осыған ұқсас мақалалар