-2.8 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат“АСЫЛ АНА” ҚОҒАМДЫҚ  БІРЛЕСТІГІ  ҚҰРЫЛДЫ

“АСЫЛ АНА” ҚОҒАМДЫҚ  БІРЛЕСТІГІ  ҚҰРЫЛДЫ

Райымбек ауданының  кіші мәжіліс залында аудандық «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қоқымбаева Жамила Оразақынқызының  төрағалығымен    аудандық Ардагерлер ұйымының жанынан  “Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің құрылуы мен оның мақсаттары мен міндеттері туралы және “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінің төрайымын сайлау мақсатында жиналыс өткізілді.

Жиналысқа   жастар ұйымының  мүшелері, ардагерлер  ұйымының төрағалары мен төрайымдары,  барлық қала — ауылдық округтерінде және бастауыш ұйымдарда  жаңадан сайланған  “Асыл ана” қоғамдық бірлестіктерінің жаңадан сайланған төрайымдары қатыстырылды. Жиналыста қарастырылған бірінші сұрақ: ”Асыл ана“ қоғамдық бірлестігінің мақсаттары мен міндеттері бойынша аудандық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары Тұрдиев Жұмабек Тәлиіпұлы сөз алып ауданда құрылып отырған “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін баяндап өтті. Баяндамада жастарды   Қазақстандық патриотизмді,   Қазақстан халқының азаматтық рухани мәдени бірлестігін қалыптастыру бағытында жастарды тәрбиелеуге ат салысу, отбасылық құндылықтарды насихаттауда, жеке отбасы институтын насихаттау, ата — аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті артыру, отбасы мәртебесін көтеруде бала тәрбиелеудегі үздік нәтижесін тарату сияқты негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Екінші сұрақ: Ауданымызда “Асыл ана“ қоғамдық бірлестігінің төрайымын сайлау бойынша ауданымызда аналарымыздың атқарып жатқан  жұмыстары туралы кеңінен тоқтала отырып, ауданымызда құрылған «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымына лайықты деп  «Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, білім саласында балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде  талай жылдар мектеп директоры қызметін абыройлы атқарған, Төлегенова Гүлмира  Әселбайқызы кандидатурасы лайықты деп танылды.

Жиналысқа қатысып отырған ардагерлер мен аналар бірауыздан аудандық “Асыл ана”қоғамдық бірлестігінің төрайымына лайықты деп Толегенова Гулмира  Аселбайқызын бірауыздан сайлады .

Жаңадан сайланған   Төлегенова Гүлмира  Әселбайқызы  өзін осы аталған жұмыстың төрайымына лайықты деп сайлаған халыққа рахмет айта отырып, сенімдерін ақтауға сөз берді .

Жиналыс соңында Аудандық «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қоқымбаева Жамила Оразақынқызы жиналысты қорытындылай келе, жаңадан сайланған  “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінің төрайымының алдағы жұмыстарына табыстар тілей отырып, жиналысқа қатысып отырған ардагерлер мен аналарға өз ризашылығын білдіріп, ел ішінде   бірлік,  ынтымақ, татулықты сақтауға өз үлес қосуларына тілектестік білдірді.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар