Кездесу барысында реформаның негізгі мақсаттары мен басым бағыттары кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы өзара тепе-теңдікті нығайту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, конституциялық реформаның нәтижесінде қоғам өмірінде орын алған оң өзгерістер туралы нақты мәліметтер ұсынылды. Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

