Бүгінгі ұрпақтың табиғатқа жасаған әрбір әрекеті ертеңгі күннің экологиялық жағдайына әсер етеді. Өзен-көлдің ластануы, орман-тоғайдың сиреуі, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – келешекке қалатын күрделі мәселелер. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс. Әсіресе табиғаты көркем таулы өңірлерде су көздерін, жайылымдарды, орман алқаптары мен туристік аумақтарды таза сақтау маңызды.
Табиғаттың тазалығы – ұрпақ алдындағы аманат

