Домойhantengrigazeti.kz ақпарат«Қарасаз» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті

«Қарасаз» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті

«Қарасаз» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі бағыттар мен маңызды міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, салық жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын жаңғырту, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, медицина қызметкерлерін қолдау және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағыттары атап өтілді.

Сондай-ақ 2027 жылды «Құрылыс және инфрақұрылым жылы» деп жариялау бастамасының маңызы айтылып, тұрғын үй құрылысы мен жол-көлік, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне назар аударылды.

Жиын барысында партия мүшелері өзара пікір алмасып, Жолдауда көтерілген бастамалар мен оларды жүзеге асыру жолдары жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Жаңалықтар