Райымбек ауданының басты байлығы – табиғаты ғана емес, еңбекқор халқы мен әр ауылдың өзіндік мүмкіндігі. Аудан құрамындағы 11 ауылдық округке қарасты 20 елді мекеннің әрқайсысы өңір экономикасының дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Ауылдардың негізгі әлеуеті ауыл шаруашылығы, мал өсіру, егіншілік, шағын кәсіпкерлік және туризм салаларымен тығыз байланысты. Құнарлы жер мен кең жайылым мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік берсе, Нарынқол картобы мен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері ауданның экономикалық әлеуетін арттырып отыр. Сонымен қатар Қарасаз, Жамбыл, Қақпақ, Сарыжаз секілді ауылдарда қонақжайлық пен этнотуризм бағытындағы кәсіпкерлік дамып келеді.
Райымбек ауылдарының әлеуеті – өңір дамуының негізі

