1.1 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат«Заң – қоғам тірегі, тәртіп-ел кепілі»

«Заң – қоғам тірегі, тәртіп-ел кепілі»

Шәлкөде ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заң – қоғам тірегі, тәртіп-ел кепілі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жастардың құқықтары мен міндеттері туралы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Жастарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, жауапкершілік деңгейін арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ауылдық округ инспекторы қатысушылардың сауалдарына нақты жауап беріп, құқықтық нормаларды түсіндірді. Кездесу ашық форматта өтіп, жастар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту.

Жаңалықтар